Бразилияда сел жүріп 36 адам қаза болды

Оқыс оқиға Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды. Толассыз жауған жауынның соңы селге ұласты.  Сан-Себастьян әкімшілік аймағында 35 адам қаза тапты. Убатуба ауданында да бір тұрғынның жан тәсілім еткені анықталды.

550 адам жағаладағы қоныстарын тастап қашқан.

Олардың 338-і үй-күйсіз қалды. Сан-Паулу губернаторы Тарсисио де Фрейтас азаматтық қорғаныс басшыларымен бірге Сан-Кристобалға барған.

Онда тәулігіне 600 мм жауын-шашын жауды. Елуге жуық үй қирады.

Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі құтқарушылар тасқын жүрген аудандарда үйінділерді аршу жұмыстарын аяқтаған жоқ. Сан-Паулу штатындағы алты қалада 180 күндік апатты жағдай жарияланды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

52 минуты ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago