Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Жамаубаевқа сенген жұрт доллар бағамын қашанғы аңдып отырады?
Экономика

Жамаубаевқа сенген жұрт доллар бағамын қашанғы аңдып отырады?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.03.2023
Обновлено 06.03.2023 в 12:03
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Азық-түлік тағы қымбаттады. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2023 жылғы 28 ақпан):

Айран 2,5 – 378 тг/л

Картоп – 158 тг/кг

Қант – 456 тг/кг

Бір айдағы инфляция

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бір айдын ішінде тұтыну бағаларының индексі (2023 жылғы ақпан) 1,3% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,8%, ақылы қызметтер 1,3% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, ақпанда басты пияз – 28,5%, қызанақ – 17%, ақбас қырыққабат – 10,9%, қияр – 9,8%, қызылша – 5,4%, тәтті бұрыш – 4,7%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ баға күрішке – 4,4%-ға, салқындатылған балыққа – 3,6%, консервіленген сүтке – 2,8%, кертік батон мен шоколадпен глазирленбеген кәмпиттерге – әрқайсысы 2%-ға, майлылығы 2,5% айран мен тұздалмаған сары майға – әрқайсысы 1,8%-ға, пастерленген сүтке – 1,6%-ға өскен. Осы ретте айлық мәнде құмшекер 2,3%, қарақұмық жармасы 1,5%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде бағаның ең көп өсімі ақпанда жуу және тазалау құралдарында байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір сабын – 2,8%, кір жуу ұнтағы, ыдыс жууға арналған құралдар – әрқайсысы 2,5%-ға, ағартқыштар – 2,4%, дәретхана қағазы 2,1% қымбаттады. Баллондағы сұйытылған газ 1,6% қымбаттады.

Жолаушы тасымалындағы баға бойынша әуе көлігінің қызметтері – 21,5%-ға, темір жол көлігінің қызметтері 2,3% өсті. Коммуналдық қызметтер бойынша орталықтан жылыту тарифтері – 7,1%, ыстық су – 6,3%, су бұру – 3,1%, тұрғын үйді күтіп ұстау – 1,8%, суық су – 1%, электр энергиясы 0,7%-ға өсті.

Баға қай өңірлерде күрт өсті?

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында – 1,8% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгісі – 0,7% Қызылорда облысында тіркелді.

Аймақтық бөліністе азық-түлік тауарлары Қарағанды облысында – 2,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында – 1,4%-ға, ақылы қызметтер Павлодар облысында – 2,9%-ға ең жоғары өсім көрсеткен.

Еске салсақ, кеше кімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев доллардың ізімен азық-түлік те арзандайтынына сендірген.

Доллар бағамы өскен кезде импорт тауарлары да қымбаттайды. Осыған байланысты импорт тауарлары біртіндеп арзандайды деп күтеміз. Жалпы экономикада инфляция төмендейді. Осы айларда мәселен ең көп дегенде 20 пайыз болды. 2-3 айда тіпті төмендейді деп күтіп отырмыз. Нақтыланған бюджетте инфляиця деңгейі 7,5 – 9,5% болады деп көрсеттік. Аталған деңгейді сол себепті таргеттеп, жалпы арзандайтынын күтеміз,

дейді ол.

Қазақстанда соңғы күндері доллар бағамы құлдырай бастады. Кейінгі екі күнде АҚШ валютасы шамамен 10 теңгеге арзандады. Алайда тәжірибе көрсеткендей, доллар бағамына сенім жоқ. Бүгін құлдыраса, ертең аспандап шыға келуі ғажап емес.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 06.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?