Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны жүкті етті деп айыпталуда
Оқиға

Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны жүкті етті деп айыпталуда

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 22.11.2023
Обновлено 22.11.2023 в 10:11
Поделиться
Поделиться

Жамбыл облысында білім бөлімінің басшылары 12 жасар оқушының жүктілігін бір жыл бойы жасырып келген. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлады.

Мектеп әкімшілігі Жаңатас қаласындағы жағдайды жасыру үшін қыздың анасына ескертпей, оған түсік жасатқан. Қазір 7-сыныптағы жасөспірімге азғындық жасады деген күдікпен аудандық мәслихат депутатының күйеуі қамауға алынды. Полиция қылмысты дер кезінде хабарламаған білім саласының қызметкерлеріне қатысты іс қозғады.

12 жасар қызды ұзақ уақыт 55 жастағы ер адам жыныстық қарым-қатынасқа тартқан. Телефон сыйлап, алдап, оқушыға ойына келгенін істеген көрінеді. Ақыры жүкті болып, анасына бар шындықты айтуға бел буған. Қалтасы қалың күдікті қызды қорқытып, ешкімге айтпауын талап еткен.

“Керек жоқ, оның байланысы мықты. Әйелі депутат. Балабақшада меңгеруші болып істейді” деп жылады. Маған қызым жүкті екенін тек жаңа жылдың қарсаңында айтты. Жүктілік мерзімі шамамен алты айлық”, – деді анасы Мәриям Смадиярова.

Жалғызбасты әйел қызының жүктілігін мектеп басшылары да жасыруға тырысқанын айтады. Қыз мектеп-интернатта жатып оқыған. Жүктіліктің алты айлығында оқушыны білім ошағының қызметкерлері Жаңатастан Қаратау қаласына алып кеткен. 

“Маған түсік жасататынын айтқан жоқ. Олар түсіктен бұрын толғақ шақыратын дәрі берген. Мен білмедім. Тек түнде қызым түсік жасатқызғаны туралы хат жазып жіберіпті. Сүті тарауы үшін омырауын шарфпен буып, үйге әкеліп тастады. Бірақ бұл түсік ешқандай құзырлы органдарында тіркелмеген. Жасырын түсік жасатудың жолын тапқандар жеке гинеколог жалдаған екен.

Білім бөлімінің басшысы күдікті балабақшада күзетші болып істегенін айтады.

“Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан ешнәрсе айта алмаймын. Оқиға болғаны рас. Айгөйлек мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген. Қазір полиция департаменті бұл айтылғандарды тергеумен дәлелденгенін жеткізді. Жетінші сыныптағы жеткіншекке азғындық жасаған күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ осы іске қатысы бар білім бөлімінің қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған”, – деді Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов.

“Тергеу барысында жыныстық қатынас салдарынан 2022 жылы жүкті болғаны анықталды. Алайда жүктілік дерегі мектеп басшылығымен жасырылған, тиісті органдарға хабарлаусыз түсік жасалған. Айыпталушының кінәсі дәлелденіп, қамаққа алынды. Іс сотқа жіберілді. Мектеп басшылығына қатысты ҚК 434 бабы “Қылмыс туралы хабарламау” туралы іс тіркелді”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов. 

Анара Бауыржанқызы 22.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?