Бұл факті бойынша әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі офисері қайтыс болды. Бұл факті бойынша ҚР ІІД Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
2022 жылғы 27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкері Азат Үмбетұлы қайтыс болды деп жарияланды. Өлімнің алдын ала себебі – миға қан құйылу,
деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қажет көмек беру шараларын да қолға алып жатыр.