«Кеш YOU» тобының экс-әншісі Балжан Бидаш “Harper’s BAZAAR Kazakhstan” басылымына берген сұхбатында Жахан Отарғалиевпен не үшін ажырасып кеткенін ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балжанның айтуынша, оның өнерден алыстауына бұрынғы күйеуі себеп болған.
“Бұл пауза ұзаққа созылды. Дегенмен жүрегім сахнаны әрқашан қалап тұрды, ол киелі мекенге сүйікті жар болсам да, бір күні келетінімді сездім. Жақында тележүргізушілікке қадам бастым. Мен үшін тың бағыт. Бірақ бұл салада өзімді еркін сезінемін. Шектеуге шырмалып қалғаным бар. Кезіндегі батылдығымды жоғалтып алғандаймын. Сахнаны жатсынып қалған соң, әуелгіде қобалжығаным рас. Бірақ, соңында ашыла алдым. Тұрмыста жүргенде блогерлікке акцент қойдым. Бала кезден музыкаға ерекше қызыққаныма қарамастан, отбасылық өмірді алға қойып, шығармашылығымды ысырып тастадым. Өйткені күйеуімнің талабы сол болды”, –дейді өнер иесі.
Әнші шектеу мен қысымнан босап, еркіндікті таңдаған.
“Менің түсінгенім, адам адамға өмір сүруді үйретпеуі керек. Себебі, әркімнің өз қалауы, таңдауы бар. Махаббат бар жерде қолдау бар. Гармония орнайды. Отбасымда еркін өстім. Әке-шешем ешқашан қалауымнан тыс дүниеге мәжбүрлеген емес. Екі ағам да қаталдық танытатындай қылығым болған емес. Олар әрқашан маған сеніммен қарап, әр бастамама қолдау білдіретін. Бұл өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию аздық етеді. Ең бастысы – жүрек тыныштығы. Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан, арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында арамызды суытты”, – дейді Балжан Бидаш.
Сондай-ақ ол Жаханның әлеуметтік желіге “Бәрі бітті” деген жазбамен жариялаған видеосына қатысты пікір білдірді.
“Расын айтсам, бұл видео ешқандай эмоция тудырған жоқ. Дәл сол сәтте маған бәрібір болды. Жаһанның қызба мінезді екенін білемін. Кейіннен сол ісіне өкініп қалғандай болды. Негізі Жаһан – өте мейірімді адам, сенімді дос, алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын жан”, – деді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидаш актер, кинопродюсер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткенін айтқан болатын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…