Бақытсыз жағдай себебі анықталып жатыр. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Өскемендегі автомобиль жанармай бекетінің бірінде тарсыл болды. Төтенше жағдай кесіріненбір ер адам қайтыс болып, бір жасөспірім зардап шекті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлады.
28 шілдеде 08:52 шамасында бөшкені жанар-жағармай материалдарынан тазартып жатқанда ауа араласқан тарсыл болды. Ол әрі қарай жанбаған. Салдарынан 2010 жылғы жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді,
делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар бактан 1980 жылғы ер адамның денесін алып шықты. Алдын ала дерек бойынша, ол резервуарды тазалап жатқан, ал оның бетінде 2010 жылы туған туысы көмектесіп тұрған. Бақытсыз жағдай себебі анықталып жатыр. Өңірдегі полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.