Экономика

Жанармай удай қымбаттап, көлік салығы жойылады

Жанармай бағасының шарықтайтыны соншалық, мемлекет көлік салығынан бас тартуға дайын сияқты.

Бұл туралы сарапшы Нұрлан Жұмағұлов өзінің телеграм-арнасында жазды:

«2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде, көлік құралдарына салынатын салықты ескере отырып, жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді пайдаланғаны үшін жалпы шығындары артады.

Ұлттық экономика министрлігі  «жанар-жағармай бағасы айтарлықтай өсетін болса (мысалы, екі есеге) сәйкесінше азаматтардың көлікті иеленуге және пайдалануға жұмсайтын шығындары да артады. Бұл өсім әсіресе эконом-класстағы көлігі барлар үшін қатты сезілетін болады. Осыған орай олардың әлеуметтік және қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет» дейді. Және салықты жоюды ұсынып отыр.

2022 жылы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық түсімдері 70 млрд теңгені құрады. Табысты үнемдеу мақсатында қозғалтқыш көлемі жоғары автокөліктерге салықты сақтап қалу ұсынылады.

Сонымен қатар, мұнайды ішкі нарыққа сату кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы ставкалары бойынша 0,5 коэффициентті алып тастау ұсынылып отыр. Себебі: ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығының жұмыс істеуі 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago