Тергеу изоляторында отырған белсенді, саясаткер, тіркелмеген «Демпартия» жетекшісі Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілді. Бұл жөнінде 28 қазанда белсендінің әйелі Инга Иманбай айтты, деп хабарлады Азаттық.
Бүгін Жанболат Мамай мен адвокаттарына айыптау актісі беріліп, оның ісі Бостандық аудандық сотына Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жіберілді. Қаңтар бойынша 400-бап («заңсыз митинг ұйымдастыру»), 378-бап («полицияға тіл тигізу»), 274-бап («несиелік амнистия бойынша жалған ақпарат тарату»). Жанболат өзіне тағылған айыптың ешқайсын мойындамайды, өзіне қатысты істің барлығын саяси жала деп бағалайды.
деп жазды Инга Иманбай Фейсбук парақшасында.
Адвокат Жанар Балғабаева да ақпаратты растады.