Ztb.kz хабарлауынша, Министр Ажар Ғиният оның денсаулығына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты.
Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек екен,
деді министр.
Сондай-ақ, ақынның қызы бүгін әкесімен түскен суретін Жүрсін Ерманның инстаграм парақшасында жариялап «Алла шипасын берсін! Тез сауығып кет, папа!, — деген жазба қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы хабарды айтыскер ақын Дидар Қами жеткізген еді.