Шетел басылымына шолу

Жапонияға барған туристерді әйелдер арбамен тасып жүр

Жапонияда турист тартудың тың әрі тиімді әдісі жүзеге аса бастады. Саяхаттауға келген қонақтарды рикша арбасымен ер азаматтар емес, қыз-келіншектер тасиды. Сондай-ақ олар жолаушыларға елдің тарихы, салты мен мәдениетінен жаңа мәлімет беріп, қос міндетті қатар атқарып жүр, деп хабарлайды Хабар 24.

Рикша — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Жапонияда кең таралған көлік. Салмағы 250 келіге жететін арба негізінен ер-азаматтарға лайықтап жасалған. Бірақ нарықтағы сұраныс жүргізуші қыз-келіншектердің де қатарын арттырды.

Біздің компаниядағы 90 рикшаның 25-ін әйелдер жүргізеді. Нәзіктігіне қарамастан арулар ауыр рикшаны тізгіндеп жүр. Мінген жолаушыларға Токионың тамаша жерлерін көрсетіп, таныстырып, мәдениетімізді ұлықтайды. Сондықтан келешекте әйелдерге рикша жүргізуді жеңілдететін қолайлы жағдай қалыптастырып, қатарын көбейтсем бе деймін,

Рикша жүргізушілер бірлестігінің президенті Рюта Нисио.

Кейбір қыздар тіпті ұлттық киім киіп алған. Осылайша олар қызмет көрсету сапасын арттырамыз дейді.

Алғашында бәрі маған таңырқай қарайтын. Кейде жұмыс барысында арбаны құлатып алған сәттер де болды. Қоғамда рикша тізгіндеу тек ерлерге ғана тән деген пікір қалыптасқан. Меніңше, кез келген жұмыс ер-әйел деп талғамайды. Жұмысым өзіме ұнайды. Жолаушыларымды үнемі жымия қарсы алып, күлімдеп шығарып саламын,

Рикша жүргізушісі Юка Акимото.

Рикша жүргізушісіне талап жоғары. Қарбалас кезінде кептелістен жылдам шығып, жолаушыны діттеген жеріне жеткізе білу қажет. Рикша жүргізетін арулар көптеп адам тарту үшін әлеуметтік желіні белсене пайдаланады. Ғаламтор арқылы іздеп тапқан шетелдіктер арба тізгіншілеріне алдын ала кезекке тұрады. Осылайша күнкөріс қамын күйттеген қыз-келіншектер елдің туризм саласын дамытып әрі еңбектің озық үлгісін көрсетіп жүр. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago