Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Жапония, Еуроодақ және АҚШ БҰҰ қауіпсіздік кеңесін реформалауға шақырды
Шетел басылымына шолу

Жапония, Еуроодақ және АҚШ БҰҰ қауіпсіздік кеңесін реформалауға шақырды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 28.04.2023
Обновлено 28.04.2023 в 04:04
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қытай мен Ресей оған қарсы шықты.

АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Еуропа одағының бірнеше елі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауға үндеді. Дүйсенбіде Нью-Йоркте өткен отырысқа Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров төрағалық еткен.

Отырысты ашқан Лавров әлем баяғы Қырғиқабақ соғыс кезіндегідей қауіпті кезеңге таяғанын мәлімдеп, БҰҰ-да Батыс елдерінің өкілдері тым көп, өзге аймақтардың өкілдері тым аз екенін айтты. Лавровтың ойынша, бұл барлық аймаққа тең қарайтын халықаралық қатынас ұстанымдарына қайшы келеді.

Лавров Ресейдің Украинаға шабуылы үшін жауапкершілікті АҚШ пен оның одақтастары арқалауға тиіс деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Ресей әскерінің мақсаты «адамдарды Киев режимінен қорғау, НАТО қаупін жою».

Лавровтың айтуына қарағанда, «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына келуге тиіс Ресей журналистеріне кедергі жасалған. АҚШ елшілігі БАҚ өкілдеріне виза беруге дайын екенін ұшақ ұшып кеткен соң айтқан».

Қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ-тың өкілі Линда Томас-Гринфилд бұл айда төрағалық еткен Ресей Украинаға басқыншылық жасап, астық келісімін тоқтатып, стратегиялық шабуыл қарулары туралы келісімнен бас тартып, БҰҰ жарғысын өрескел бұзып отырғанын мәлімдеді.

Томас-Гринфилд тыңшылық еті деген айыппен Ресейде қамауда отырған Америка азаматтары Пол Уилан мен журналист Эван Гершкович туралы да айтып, оларды дереу босату керек деді.

АҚШ өкілі БҰҰ сенім тұрғысынан дағдарыс жағдайында деп есептейді. «Өзге елге агрессия жасап, жерін басып алу халықаралық құқыққа сай емес» деді ол.

Томас-Гринфилд БҰҰ-ны реформалауға үндеді. Онымен Ұлыбритания мен Франция өкілдері келісті.

Ресей басқыншылығынан украиндер аса ауыр қайғы-қасіретке душар болды, Ресейдің өзіне де апат болды. Ресейдің бір буыны болашағынан айырылды, ал билігі не үшін жасап жатқанын түсіндірмейді де,

деді Ұлыбритания өкілі Барбара Вудворд.

Франция өкілі Николя де Ривьер Ресей бұрын да халықаралық құқыққа қайшы әркет жасап келді деді. Мысал ретінде 2008 жылы Ресей әскері Грузияға кіргенін, 2014 жылдан бері Донбасстағы сепаратистерді қолдап, Иранға салынған қару-жарақ эмбаргосын бұзып келгенін айтты.

Ривьер Франция мен Мексика Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері жаппай қырғын мәселесін талқылағанда вето қоя алмайтындай болуға тиіс деген ұсыныс жасағанын айтты.

Жапония өкілі Исикане Кимихиро да вето қою арқылы Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімін тежеп отыр деп айыптап, реформаны қолдады.

Еуропа одағының БҰҰ-дағы делегациясының басшысы Олаф Скуг «Ресей өзін БҰҰ жарғысы мен мультилатерализмді қорғаушы ретінде көрсеткісі келеді. Бұдан асқан өтірік болмайды. Өте жиіркенішті» депмәлімдеді. 

Қытай өкілі Чжан Цзюнь Қауіпсіздік кеңесін реформалау мәселесіне келіспеді. Оның сөзінше, «жарғыны реформалағаннан гөрі әркім өзінен бастап, өзін дұрыстағаны дұрыс». «Кейбір елдер өзінің ұстанымын халықаралық қауымдастыққа таңғысы келеді» десе де, қай елді меңзегенін атап айтқан жоқ. Ол АҚШ пен өзге де елдерді біржақты санкция салудан, яғни «заңсыз әрекеттен» бас тартуға шақырды.

Ресей биыл сәуірде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды. Ұйымға мүше 15 ел ай сайын кезекпен төрағалық етеді. Ресей соңғы рет 2022 жылы ақпанда төраға болған.

ТЕГи: Геосаясат, Трендте, Шетел басылымдарына шолу
Сая Манарбековна 28.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Саясат

Путин АҚШ азаматтарының Ресейдегі мүлкін тәркілеуге рұқсат берді

24.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?