Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Жапонның құламайтын үйлері – қазақ ғалымының жобасы
Ғылым

Жапонның құламайтын үйлері – қазақ ғалымының жобасы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 20.02.2023
Обновлено 20.02.2023 в 03:02
Поделиться
Т.Жүнісов. Фото: ғаламтордан
Поделиться

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін халықты үрей биледі. Әсіресе, сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын алматылықтарды. Бес тектоникалық жарық (тектонический разлом – ред.) үстіне салынған мегаполис жер сілкінісіне қаншалықты төзімді? Бұған үкіметтегілердің өзі жауап бере алмай отыр. Жапониядағы ғимараттарының сейсмикалық беріктігін дәлелдейтін бейнероликтерді көріп, жапондарға тағы да қайран қалып жатырмыз. Десе де, осы технология идеясының авторы және оның ғылыми негізін қалап, әзірлемесін жасап, эксперименталды түрде алғаш ғимараттар салған қазақ ғалымы екенін екінің бірі біле бермейді.

Бұл ғалымның аты-жөні – Төлеубай ЖҮНІСОВ. Әлеуметтік желіде «1990-жылдардың басында қазақ ғалымының кеңесін алу үшін оның есігінің алдында жапон ғалымдары, инженерлері мен сәулетшілері ұзын-сонар кезекте тұрған» деген ақпарат тараған.

Төлеубай Жүнісов Кеңес дәуірінде КСРО-ның Қала құрылысына қарасты «КазпромстройНИИпроект» институтын басқарған. Тәуелсіздік жылдары бұл «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» болып қайта құрылған.

Осы институт директоры ретінде Төлеубай Жүнісов ғимараттардың сейсмикалық беріктігін арттыру мәселесімен ұзақ жылдар айналысып келген.

«ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ басқарушы директоры Ералы ШОҚПАРОВТЫҢ айтуынша, бұл жүйе бізде КСРО дәуірінде сонау 1950-жылдары жасалған.

Біздің институт кеңес тұсында сейсмооқшаулаушы, резина-металдық іргетас жобасын көп зертеген. Сейсмооқшаулаушы үйлер Алматыда және Қырғызстанда да көп салынды. Соның бәрін біз Төлеубай Жүнісовтің басшылығымен сынақтан өткізгенбіз. Жапондар бұл идеяны іліп әкетіп, дамыта түскен,

дейді NEGE тілшісіне түсініктеме берген Е.Шоқпаров.

Ералы Шоқпаров кез келген дамыған мемлекеттердің қазіргі технологиялық жетістіктерінің тасасында кеңестік дүниелер тұрғанын айтады. Кеңес өкіметі тараған соң көп ғалымдар жылы орын іздеп, АҚШ-қа, Жапонияға, Канадаға кетіп жатты.

ТМД елдері ғалымдарының біреуі барып, осы құжаттарды көрсетіп, оны сол жақта дамыта түсуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Біздің ғылыми кітаптарымызда Төлеубай Жүнісов зерттеулері жайында көп мағлұмат бар. Бүгінгі таңда жапон халқы бұл жүйені дамытып, өрбіткен. Ол кезде бізде өндіріс осал болды. Мысалы, ғалымдар әзірлеме жасап, есептеп, нұсқау береді. Бұл – бір бөлек дүние де, оны өндіріске қоя білу – мүлде басқа нәрсе,

дейді маман.

Ералы Шоқпаровтың айтуынша, Жапонияда бүгінде сейсмооқшаулаушы іргетаспен салынған 5 мыңнан аса ғимарат бар. Мұндай ғимараттар бізде де аз емес екен. Басты ерекшелігі, эксперименталды түрде салыныпты.

Бұл туралы маман былай деді: «Төлеубай Жүнісовтің басшылығымен 40-тан аса ғимарат салынған. Басқа елдер де осындай әзірлеме жасаған. Бірақ ол кезде эксперименталды құрылыстарды ешкім салмаған еді».

Төлеубай Жүнісов – Қарағанды өңірінің тумасы. Харьков инженерлік-құрылыс институтын тамамдаған. Оның дербес және басқа ғалымдармен бірлесе жазған 560-ден астам ғылыми жұмысы бар. Ғалымды АҚШ-тың Колумбия, Пристон, Оңтүстік Калифорния, Солтүстік Калифорния, Беркли, Стенфорд, Девиса, Хьюстон университеттері аттай қалап, дәріс оқуға шақырған.

Жапондардың өзі мойындаған академик Т.Жүнісов 2015 жылы 88 жасында дүниеден озды. 

Анара Бауыржанқызы 20.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҒылымРуханият

Білікті маман жауапты қызметке тағайындалды

15.04.2024
ҚоғамҒылым

TikTok Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнежазбаны өшірді

27.03.2024
ҒылымҚоғам

Әлемнің ең қымбат брендтері аталды 

15.03.2024
ҒылымШетел басылымына шолуШолу

«Роскосмостың» күні бітуге жақын

05.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?