Categories: Білім

«Жаратылыстану» оқулығында +18 сайтына апаратын сілтеме болған

Алтыншы сыныпқа арналған «Жаратылыстану» қазақстандық оқулығының «Жасушалар әлеміне экскурсия» параграфындағы тақырып бойынша көрсетілген сілтеме оқушыларды ересектерге арналған сайтқа апарады. Білім министрлігі бұл оқиғаға түсініктеме берді.

Алтыншы сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығында қазақстандық оқушылар тапсырманы орындай отырып, ересектерге арналған күмәнді танысу порталына апаратын сайтқа тап болды.

Білім министрлігі қатені мойындады және енді сайттарға сілтемелері бар барлық кітапты тексеруге ниетті екенін хабарлады.

Оқулық мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2017 жылы орыс тілінде оқытатын мектептерде қолдануға рұқсат алған.

Аталған оқулық мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2017 жылы орыс тілінде оқытатын мектептерде қолдануға рұқсат берілген. Осы уақытқа дейін оқулық мазмұнына қатысты шағым түскен жоқ. §33 «Жасуша әлеміне экскурсия» тапсырмасында оқушыға жасуша органоидтарының функцияларын орнату үшін анықтамалық деректер мен интернет-ресурстарды пайдалану ұсынылады. Сайт ықтимал ресурстардың бірі ретінде көрсетілген biofile.ru сайты оқулық сараптамадан өткен кезде «Биофайл» ғылыми-ақпараттық журналының веб-сайты болатын (сайттың скрині бар),

делінген хабарламада.

Орталықтың ақпаратынша, оқулықтағы веб-ресурстар балалардың ақпаратты іздеу және талдау дағдыларын дамыту мақсатында ұсынылған.

Тексеру барысында сайттың қазіргі уақытта жұмыс істемейтіні анықталды. Бірақ, браузерден сайт атауын тергенде, іздеу тікелей күмәнді танысу сайттарына қарай бағыттайды. Мұрағат қызметі бойынша талдау нәтижесі «web.archive.org» сайттың 2011 жылдан бері бар екенін көрсетті, соңғы жылдары белсенділік күрт төмендеген. 2023 жылдың 17 ақпаны мен 9 наурызында сайт әкімшісі ұсынылмаған сайттарға бағыттайтын жаңа URL ресурсты қосып қойған (экран скрині бар),

дейді ведомстводан.

Сондай-ақ, білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салатынын хабарлады.

Сонымен қатар, баспалармен бірлесіп барлық оқулықтардағы веб-сайттарға тексеру жүргізіліп, педагогтар мен ата-аналарға тиісті нұсқаулық хат жасалады.

Оқу-ағарту министрлігі істің мән-жайы тексеріліп, кінәлілердің жауапқа тартылатынын мәлім етті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago