Categories: Тарих

Жаркенттегі Ағаш көлін білесіз бе

Көктем бастала салысымен демалысты жоспарлайтын жұрт көзге түсетіндей көрікті келбеті, сұлу табиғаты бар мекенді іздейді. Сондай мекендердің бірі – Ағаш көлі.  

Ағашқа бай көл

Алматы облысы, Ұйғыр ауданында орналасқан Ағаш көлін «шөл ортасындағы оазис» деп айтуға болады. Көл жағасында бұталар, қамыстар мен ағаштар қалың өскен. Күн сәулесі көп түсетіндіктен және терең болмағандықтан, көлдің суы тез жылиды, балық көп. Ағаш көлінің құмы таза әрі жұмсақ.

Мамыр айында бұл жақта орташа ауа температурасы 25-28°С болады. Ал жазда күн ысиды. Кешкілік, түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, қонатындай болсаңыз, жылы киім мен 5-7°С-қа арналған төсек-орынды бірге алыңыз.

Балықтан (алабұға, қарақұйрық, карась және сазан) бөлек, құстардың түр-түрі (үйрек, қаз, тырна) кездеседі. Ағаш көлдің жағалауында түлкі, қоян мен кесіртке бар.

Қалай барамыз?

Ағаш көлі Алматыдан 220 шақырым жерде, Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан. Су  қоймасының солтүстігінде Қарабастау ауылы, оңтүстігінде тұзды батпақтар мен тораңғы терегі, шығысында Шарын өзені орналасқан.

Алматыдан Ағаш көліне дейінгі жол сызбасы

Ағаш көліне Алматы-Қорғас тас жолы арқылы жетуге болады. Қаладан шыққан соң Қонаевқа қарай кететін Қапшағай көпірі арқылы жүресіз. Кейін Байсерке ауылына дейін жетіп, Қорғас тас жолына бұрыласыз. Одан әрі 200 шақырым жүресіз. Әрі қарай бірнеше шақырымм жүріп, межелі жерге жетесіз. Құмға жеткенде Ағаш көлі де көрініп тұрады.

Жағалаудағы құм

Көлдің жағалауы құмды. Жол талғамайтын көлікпен шыққан жөн. Жаңбыр жауғанда жол бүлінеді, джип көлігінің өзі батып қалуы мүмкін.

Сапарға шыққанда SPF 50+ кремін, жәндіктерге қарсы құралды және бас киімді ұмытпаңыз. Шекараға жақын орналасқандықтан, өзіңізбен бірге құжатыңызды, жеке куәлігіңізді алып жүріңіз.

Тарихы терең шағын қала

Ағаш көліне барсаңыз, Жаркентке соға кетіңіз. Бұл қала – Жетісу облысы, Панфилов ауданының әкімшілік орталығы.

Бұл жерде 1895 жылы қытай стилінде жасалған, ағаштан тұрғызылған әдемі мешіт бар.

Мешіт

Мешіт қазір музейге айналған.

Мешіттің іші

Мешіт-музейдің жанында Тянь-шань шыршасынан жасалған Ілияс пайғамбардың шіркеуі тұр. 

Ілияс пайғамбардың шіркеуі

1892 жылы тұрғызылған ғибадатхана – туристер мен діндар адамдардың ажырамас бөлігі. Кеңес үкіметі кезінде шіркеу жабылып, алдымен дәнді дақылдар қоймасы, кейін жергілікті педагогикалық училищенің спорт залы, клуб ретінде жұмыс істеді. Ғимарат тозып, 1990-жылдардың басында толықтай қалпына келтірілді.

Шіркеудің қоңыраулары

Жаркенттен 40 минуттық жерде уран ұңғымасы орналасқан. Ол жақта радиация болғандықтан, ұңғымаға кіру мүмкін емес, тек суреттен ғана тамашалауға болады.

Ұңғыма

Панфилов уран ұңғымасы 1958-1961 жылдар аралығында пайдаланылған. Ұңғыма маңында адам жүрмейді, ол  таулы мекенде орналасқан.

Александра Гузева, АПН

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago