Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Жарнаманы «Асыл арнадан» көрдім»: Астанада өзін өртеген әйел сотта жауап берді
Қоғам

«Жарнаманы «Асыл арнадан» көрдім»: Астанада өзін өртеген әйел сотта жауап берді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.01.2023
Обновлено 13.01.2023 в 12:01
Поделиться
Поделиться

Алматыда қаржы пирамидасына байланысты істе жәбірленуші әйел компанияның жарнамасын «Асыл арна» телеарнасынан көргенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматыда Astex.kz және Mudarabah Capital қаржы пирамидасына байланысты істегі сотталушыларға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотталушылардың арасында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов бар.

12 қаңтарда іс бойынша жәбірленушілерден сотта жауап алынды.

Жәбірленуші Алма Бердібаеваның айтуынша, Mudarabah Capital-дың жарнамасын «Асыл арна» телеарнасынан көрген.

«Асыл арна» телеарнасынандағы бағдарламадан, тікелей эфирден көрдім. Ол жерде Руслан Бұрқанов (Mudarabah Capital ЖШС директоры, сотталушы) пен Тимур Рүстемов (сотталушы) осы компания туралы айтты. Содан кейін еш күмәнданбастан ақша салдық. Сол кезде үйімізді сатқан едік, содан 10 миллион теңге салдық. (…) Ол жерде («Асыл арна» телеарнасындағы бағдарламада) бәрі адал әрі ашық екенін, ақша халал жолмен келетінін айтты. Ақша медицина мен білім беру саласына салынатынын айтты. Табыстың бір бөлігі мұқтаж жандарға беріледі деп түсіндім. Ал қалған табыстың бір бөлігі бізге, бір бөлігі ұйымдастырушыларға беріледі,

деді жәбірленуші Алма Бердібаева.

Айтуынша, бағдарламада Бұрқанов пен Рүстемов Mudarabah Capital-дың тендермен айналысатын басқа компаниямен жұмыс істейтіндерін айтқан.

Екі жылға келісімшартқа отырдық. Компанияның кеңсесіне бардым. Директорды көрген жоқпын, менеджер күтіп алды. Руслан Бұрқановпен жүзбе-жүз сөйлескен емеспін, ақша берілетін уақыт кешіккен кезде тек телефон арқылы сөйлестік. Күтуді өтініп, жақында төленетінін айтты. (…) Mudarabah Capital-ға телеарнадан көріп келгенімді, вайнерлерге кінә тақпайтынымды айттым,

дейді әйел.

Жәбірленуші Алма Бердібаева өзі салған 10 миллион теңгенің 1,5 миллион теңгесін екі бөліп алған.

Айта кетейік, жәбірленушілердің арасында 2022 жылдың сәуірінде Астанада көшеде өзін өртеген Бағила Досмаилова да бар. Ол сотта мұндай әрекетке не себеп болғанын айтты.

Бұған Рустам Абдрахмановтың (Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болған) істі немқұрайлы жүргізгені, іс бойынша Құрманғалиев пен Дания Рахимованы қорғағаны себеп болды. Өзімді өртегеніме вайнерлердің қатысы жоқ. Өзімді өртеудің алдында бірнеше күн бұрын видео жариялап, менің өліміме Рустам Абдрахмановты кінәлі деп тануды сұрадым,

деді жәбірленуші Бағила Досмаилова.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қаңтарында Алматыда танымал вайнер Мейіржан Төребаев пен Mudarabah Capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қатысты сот тергеуі басталды. Іс бойынша 12 сотталушы бар. 

«Асыл арна» телеарнасы – 2007 жылдан бастап жұмыс істеген рухани-ағартушылық бағыттағы жекеменшік телеарна. Мұхамеджан Тазабек басқарған телеарна 2021 жылы атауын Talim TV деп өзгертті.

Анара Бауыржанқызы 13.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?