Өзбекстанда анасы балаларын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен.
Podrobno.uz басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20 шамасында Ташкенттің Сіргелі ауданының 8-кварталындағы №77 үйде болған.
Тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұратын 27 жастағы әйел үш баласын – екі ұл (төрт және бес жаста) және бір жасар қызын жатын бөлменің терезесіне ертіп барған. Алдымен ол ұлдарды терезеден итеріп жіберген. Содан кейін қызын көтеріп, өзі де секіріп кеткен.
Олардың ешқайсы аман қалған жоқ. Прокурорлар әйелдің іс-әрекетінің себебін анықтауға кірісті.