Экономика

Жастар алкогольге келгенде ақша үнемдемейді

Адал асымыздың ақшасын есептеп, сәл қымбаттаса үнемдеуге кірісеміз. Ал алкогольге келгенде бағасына бас қатырмайды екенбіз.

Жылына орташа есеппен 20 жастан асқандардың әрбірі 41 мың теңгесін спириттік ішімдікке жұмсайды. Жалпы 2022 жылы бөлшек саудада 511,7 млрд теңгені құрады. 37 процентке өскен. Бір қуанарлығы маскүнемдердің қатары жыл сайын 15 пайызға азайып келеді.

Енді несие кім көрінгенге берілмейді. Бұрынғыдай банк қосымшасына кіріп, онлайн рәсімдей алмайсыз. Тұрақты табысы жоқтар армандамаса да болады. Әрбір тапқан тиыны тексеріліп, есептелмек. Яғни, талап күшейеді. Қарызға белшесінен бататындардың қатарын осылай азайтпақ. Сондай-ақ, банктер мен микроқаржы ұйымдары бұдан былай қарызды өндіру үшін коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді. Түсінде көретіндер күрт көбейетін секілді. Себебі, ет өнімдері бір жыл ішінде 8,6 процентке қымбаттады. Шұжық 9,9 пайызға, сиыр еті 10,6, жылқы еті 7,3, қой еті 6,7, құс еті 2,8 процентке көтерілді. Бағасы шарықтаған аймақтардың көшін Ақмола мен Алматы облыстары бастап тұр. Министрлер бірыңғай баға жоқ дейді. Арзанын аралап, базардан немесе жәрмеңкеден табуы болады дейді. Ет десе елең етіп отыратындар үшін бұл жаңалық емес. «Ет бағасы арзандай ма?» деген көпшіліктің сауалаына экономика министрі жауап берді.

Мал басы көбейсе, ұсыныс артса, ет арзандайды. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілуіне байланысты мәселе бар екенін ескеру керек,

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 466,79 теңге болды. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,17 теңге, рубль бағамын 5,03 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында доллар 467,7-469,9 теңге, еуро 498,5-502 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago