Categories: Білім

Жастар мамандығын дұрыс таңдамай, экономика зардап шегіп жатыр – депутат

Мәжіліс депутаты Динара Наумова премьер-министрге сауал жолдап, жастарға дұрыс мамандық таңдауға көмектесу керектігін айтты.

Оның айтуынша, университет бітірген жас мамандардың 40%-дан астамы мамандықтар бойынша жұмыс істемейді. Бұл Қазақстан экономикасына салдарын тигізіп жатыр.

Болашақ мамандығын саналы түрде таңдау – жастардың өмірлік стратегиясын айқындайтын маңызды шешімдердің бірі. Оқушыларға мамандықтың жақсы қырын көрсетіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру өздеріне байланысты екенін түсіндіру керек,

деді Динара Наумова Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол жастарға сапалы кәсіптік бағдар беру маңызды деген пікірде.

Бүгінде бұл бағытта мүдделі басқармалар, құрылымдық бөлімшелер, компаниялар ғана өз көзқарасына сүйеніп, жұмыс істеп жатыр. Бірыңғай жүйелі стратегия жоқ,

деді депутат.

Осыған байланысты Динара Наумова білім беру жүйесінде реформа жүргізуді ұсынды:

  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында заңнамалық түрде жұмыс жүргізу;
  • Бірыңғай ұлттық кәсіптік бағдар беру орталығын құру;
  • Кәсіптік бағдар беруге еңбек нарығының барлық өкілін тарту мүмкіндігін қарастыру;
  • Экономикалық талдау мен болжауды, сондай-ақ жүйелі бақылауды толық қамтамасыз ету.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago