Бұл алкоголь өнімдерінен түсетін салық аударымдарының күрт төмендеуіне байланысты.
Жапонияның салық билігі Sake Viva конкурсын жариялады, деп хабарлайды Financial Times. Оған 20-39 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Жеңіске жету үшін жастарды ішімдікке қызықтыру жолдарын ойлап табу қажет.
Ел үкіметі осылайша демографиялық жағдайға, карантиндік шектеулер мен халықтың өмір сүру қағидаларын өзгертуге байланысты алкоголь өнімдерінен түсетін салық аударымдарының төмендеу мәселесін шешіп отыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, салық түсімінің 2% алкоголь өнімдерінің үлесі. 2011 жылы бұл көрсеткіш 3% — ды құраған.
Денсаулық сақтау министрлігі байқауды өткізуге келісімін бермесе де, шеттен тыс шықпасына үміттенеді.