Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Жасырын күштер Қазақстан экономикасын кәдімгідей шайқалта бастады
СаясатШетел басылымына шолу

Жасырын күштер Қазақстан экономикасын кәдімгідей шайқалта бастады

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.09.2022
Обновлено 06.09.2022 в 11:09
Поделиться
Поделиться

Оған халықаралық рейтинг агенттіктері бірден реакция берді. S&P Global Ratings сыртқы және қаржылық тәуекелдердің ұлғаюына байланысты Қазақстанның суверенді рейтингі бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» түсірді. Демек, халықаралық аналитиктердің бізге деген сенімі төмендеп отыр. Бұл туралы Dala Inside Telegram парақшасы жариялады.

Мазмұны
Каспий құбыр консорциумыБіздің қарыздар және пайыз ставкасының қымбаттауыҰлттық Қордың инвестициялық табысына түскен ауыртпашылықҚаңтар, Арыс, Қостанай сынды апат/диверсиялардың көбеюі

Оның басты 4 себебі бар:

Каспий құбыр консорциумы

КТК құбыры — Қазақстан экономикасының басты күретамыры. Біздің мұнайдың 80 пайызы экспортталатын системаның ең негізгі бөлігі — танкерлерге мұнай құятын құрылғы Қара теңіздегі Новороссийск портында, яғни Ресейде орналасқан. Онда осы көктемнен бері 20 жыл бойы табылмаған түрлі ақаулар, тіпті дүниежүзілік соғыстан қалған миналар табыла бастады. Нәтижесінде біз мұнай экспорты жоспарын бұзып алдық және бюджетке түсетін табыс азая бастады. Ол Ресей ойыны екені түсінікті. Басты ойлары — Қазақстан экономикасын тежеп, оның күшеюіне жол бермеу. Осы рычагты пайдаланып, Қазақстан басшыларын санкцияларды айналып өтуге, Ресейге қажет құралдарды жеткізуге, Ресей экспортын шектеген азық-түлікті Қазақстанның да сыртқа сатпауына көндіргілері келеді.

Біздің қарыздар және пайыз ставкасының қымбаттауы

Үкімет қарыздарды тым көп алып алған. Енді оны қайтару жыл сайын бюджетке ауыр тиюде. Біз әлеуметтік көмекке және экономиканы жандандыру, арзан кредиттер бағдарламаларына ақшаны көп құртқанбыз. Соның әсерінен 2021 жылы қайтарған қарызымыздың көлемі 61,8%-ға артты. 2021 жылы біз ішкі және сыртқы қарыздарды қайтаруға 1,1 триллион жұмсадық.

Енді одан да ауыр жағдай туындады. Базалық ставка 14,5% болғандықтан, Қаржы министрлігі облигацияларының жылдық купонды сыйақысы 15%-дан кем болса, ол ешбір инвесторға қызық емес. Мемлекет үшін ішкі нарықтан қарыз алу, оны қайтару тағы да қымбаттап отыр.

Ұлттық Қордың инвестициялық табысына түскен ауыртпашылық

Жолдауда берілген уәдеге сай, Ұлттық Қор инвестициялық табысының тең жартысы балаларға арналған арнайы шоттарға үлестірілетін болады. Бұл механизм 2024 жылдан бастап жыл сайын Қордан шамамен 1,5 миллиард доллардың трансферттен бөлек алынып отыруын білдіреді. Ол ақша Қорда қалса, капитализацияға жағымды әсер берер еді. Не болмаса, сол арқылы бюджет дефицитін жауып отыруға да болады. Қордың инвестициялық табысына ауыз салу — мемлекеттің таза активтерін қысқартады деген тәуекел бар.

Қаңтар, Арыс, Қостанай сынды апат/диверсиялардың көбеюі

Кез-келген апаттан кейін Үкімет өз резервін жұмсап, зардап шеккендерге барлық шығындарды өтеп беріп жүр. Әрине, көмектесу керек. Бірақ осы апаттар тым көбейіп кеткен. Бір жағынан бұл сыртқы/ішкі күштердің әбден пысықтап, ұйымдасып дайындаған тірлігі сияқты. Бәріне бірдей көмектесе берген Үкіметтің резерві таусылады. Одан кейін тағы қарыз алады. Шырғалаң қарыз шеңберіне кіріп кеткенге ұқсаймыз.

Осы төрт фактор қордалана келе Қазақстанды артқа тарта бастады. Одан шығудың жолы — жаңа уәде бермей, ескі проблемаларды шешіп алу. Халықаралық сарапшылар осыны меңзеп отыр.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы, Трендте
Сая Манарбековна 06.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?