Жатақхана тауып бере алмаған университетке лицензия берілмейді

Енді ЖОО-лар мемлекеттік немесе жекеменшік болуына қарамастан, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндеттеледі.

ЖОО-ларға қатаң талап қойылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Оның айтуынша мұндай талапты орындамаған университеттерге лицензия берілмейді. Сондай-ақ  жаңа мамандық ашуға тыйым салынады.

Кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензияны алу үшін міндетті шарт қойылады. 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орынын қамтамасыз етуі керек. Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды,

деді министр.

Бұдан бөлек  2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігі жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлермен тікелей жұмыс жүргізіледі. Оларға арнайы алты жылдық шарттар беріледі. Қаржы моделі арқылы 2026 жылға дейін студенттердің 60-70 пайызы жатақханамен қамтамасыз етіледі деген болжам бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

17 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago