Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > «Жазалағым келеді»: «5:32» сериалы төңірегіндегі дау-дамай
Басты жаңалықтарҚоғам

«Жазалағым келеді»: «5:32» сериалы төңірегіндегі дау-дамай

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 03.08.2022
Обновлено 03.08.2022 в 03:08
Поделиться
Поделиться

Қазақстандықтардың сүйікті сериалына айналып үлгерген «5:32» әдеттегі плагиат болып шығуы мүмкін. Жазушы Асқар Жалдинов «Salem Social Media» ЖШС мен жобаға қатысы барларды айыптады.

Асқар Жалдинов «Хаттамадан тыс. Қазақстандағы ауыр қылмыстардың құпиясы» туындысын 2020 жылы жариялаған. Ал кейін 2021 жылы «5:32» сериалында оның кітабынан алынған оқиғалар суреттелгенін аңғарған. Сонымен қатар, оқиғаларды автордың келісімінсіз алған. Жалдинов Salem Social Media, режиссер Алишер Утев пен сценаристерді плагиат жасады деп былтыр да айыптаған. Алайда даукес адам болмас үшін сотқа жүгінбеген болатын. Алайда, биылғы жылы Асқар Жалдинов аталған тұлғалар тарапынан жағымсыз іс-әрекеттерге байланысты соттасуға шешім қабылдады:

Мен өткен жылы сотқа бергім келмеді. Даукес болғым келмеді, тексеріп жүргім келмеді, бірақ биыл Salem Social Media компаниясы мен оның құрылтайшысы, Еуразиялық өнеркәсіптік топ – ERG тарапынан жекелеген іс-қимылдар болды. Бұл маған осы шешім қабылдауға түрткі болды және спорттық қызығушылығымды тудырды

деп жазды Жалдинов.
Асқар Жалдинов

Кітап авторы өзінің абыройын қорғауға және плагиат үшін сериал жасаушыларды жазалауға ниетті екенін айтты:

Енді мен сотта сөзімнің рас екенін дәлелдегім келеді және сериал авторларының осындай ұятсыз әрекеті үшін жазалағым келеді. Сот ісі жақында болады,

дейді ашулы Жалдинов.

Salem social media жауабы көп күттіртпеді. Танымал «5:32» сериалын түсірушілер плагиат бойынша жанжалға қатысты БАҚ өкілдеріне ресми жауап берді. Олардың айтуынша, Жалдиновтың өзі екінші кітабының жарнамасына сериалдың фрагменттерін қолданған.

  • Salem social media компаниясы мен Әлішер Утев осы күнге дейін сотқа дейінгі ресми арыз-шағым алған жоқ;
  • Асқар Жалдиновтың ешқандай авторлық құқығы бұзылған жоқ. Өйткені кітапта да сериалда да елімізде болған қылмыстық оқиғалар мен фактілер жазылған. Оқиғалар мен фактілер ешқандай авторлық құқықпен қорғалмаған. Шығармашылық тұрғыдан оны кез-келген адам өрбітіп пайдалана алады;
  • Salem олардың «5:32» сериалының аудиовизуалды құқығы бұзылғанын атап өтеді. Асқар Жалдинов екінші кітабын жарыққа шығарған кезде жарнамасына сериалдың бейнежазбаларын қолданған. Salem social media өзінің зияткерлік меншік құқығын қорғайтын болады;
  • Salem social media басшылығы ұрлыққа қатысты айыптаулар компанияның жұмысын жоққа шығарып, веб-сериалдың авторларының ар-намысына және мекеменің іскерлік беделіне нұқсан келтірілді деп санайды. Salem social media компаниясының «5:32» жобасы сценарийінің негізі болған оқиғалар өмірде болған оқиғалар, барлығы фактілерге негізделген. Бұл әр түрлі дереккөздерде ашық жазылған және кез-келген адам оны интерпретациялап, көркем туындыларына пайдалана алады;
  • Salem social media компаниясы өзінің іскерлік беделі мен аворлық құқығын қорғауға әзір.

Істің соңы немен аяқталатынын уақыт көрсетер. Ал әзірше «5:32» сериалы Youtube арнасында ең көп көрілген қазақстандық сериалдар қатарында. Оның бірінші сериясын 10 миллионнан астам адам көрген.

Сериалдың қоюшы режиссері, продюсері – Әлішер Утев, Сценарий авторлары —  Әлішер Утев, Сергей Литвченко, Әсел Қадырсейт. Басты рөлдерде — Әбілмансұр Серіков, Марат Әміраев, Сағызбай Қарабалин, Қобыланды Болат, Жалғас Жанғазин, Таңшолпан Қанжембетова және т.б.

Анара Бауыржанқызы 03.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?