Жаз да аяқталып келеді. Жазды кім қалай өткізді?
«Рейнджерлер» балалар-жасөспірімдер спорттық туристік экологиялық лагерінің мүшесі болу үшін спортпен айналысу керек. Кем дегенде таңертең жаттығу жасау талап етіледі. Өйткені лагерь жаяу жүрісті ұнататындарға арналған. Лагерь Алматы қаласы спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясының демеушілігімен 1998 жылы ашылды. «Рейнджерлер» жаяу саяхат жайында мол тәжірибе жинаған.
Аталған лагерь жылына үш рет ақылы тур жасайды. «Рейнджерлер» лагері директорының орынбасары, фельдшер Юлия Усманова балалардың қандай жерлерге саяхаттайтынын айтты.
«Балалар жүктерімен шығады, сондықтан саяхатқа арналған маршруттар алыс емес. Маршрут Шарын шатқалына дейін. Туристер Алматы облысы Ұйғыр және Райымбек аудандарында орналасқан Кетмен жотасына барады. Маршрут алдын ала ұйымдастырылады, ол Шонжы арқылы өтеді, онда аталған лагерьдің қосымша жабдықтары бар. Шарынға жеткенде туристер демалады. Осы жылы саяхат қиындау болды. Біз Бестөбе су қоймасынан Шарын ауданына дейін 180 шақырымды жүріп өттік», — дейді ол.
«Біздің лагеріміз спорттық-туристік қана емес, экологиялық та болып саналады. «Рейнджерлер» ешқашан табиғатқа зиян келтірмейді, керісінше, оған көмектеседі. Балалармен бірге өте көп қоқысты жинадық. Шарын көпірінде екі сағат бойы бір төбе қоқыс жинадық», — дейді Усманова.
Лагерьдің басшысы Валерий Король спорттық туризм бойынша еңбегі сіңген тренер, биология және химия пәндерінің мұғалімі, 56-мектепте өзін-өзі танудан сабақ береді. Оның сөзінше, балаларды кәсіби нұсқаушылар алып жүреді.
«Жазғы лагерьге жолдаманың ішіне жататын орын, тамақ, транспорт, құрал-жабдықты қолдану, басқа да шығындар кіреді. «Рейнджерлер» кәсіби экипировканы, жоғары сападағы рюкзактарды қолданады, балалар жақсы палаткаларда түнейді. Бұны ата-аналар да біледі. Осы жылы барлығының бағасы өсті. Ата-аналардың қалтасына көп салмақ түсіп кетпес үшін біз саяхаттың бір-екі күнін алып тастадық. Маусым 25 күнге дейін созылатын, осы жылы 23 күнге қысқарды. Бұл жылы да баға былтырғы күйінде, 160-170 мың теңге шамасында қалды», — дейді ол.
Ата-аналарды қуантатын тағы бір нәрсе бар: балалар саяхатқа телефонсыз шығады. Сондықтан да балалар бәрінен толық демалады.
Балалар интернетке қарамай-ақ өздігінен шешім қабылдауды үйренеді.
Әр маусымда басшылар жаңалық енгізіп отырады. Маршруттың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Лагерьде балалар билейді, ән айтады, қызықты тренингтерге қатысады.
Балалардың жанында арнайы дайындалған мамандар жүреді.
Солардың бірі Евгения Кайсина таэквондодан әлем чемпионы, мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Евгения Серікқызы Эверест шыңының базалық лагеріне шыққан, өткен жылы Үндістандағы алты мыңдық шыңға көтерілген. Одан бөлек, лагерьде 20-22 жастағы жасөспірімдер де жұмыс істейді.
Лагерьдің мағынасы рейнджер табиғатқа зиян келтірмей-ақ саяхаттап өмір сүре алады деген тұжырымға саяды.
Балалар Шымкент саябағына барды. Машат шатқалындағы жылап жатқан үңгірді тамашалады.
Лагерь басшысы Наталья Шакирова Түркістан облысындағы Машат шатқалына саяхатты алдын ала жоспарлаған.
«Бұл тамаша мекен. Мұнда жылап жатқан тылсым үңгір бар. Жоғарыдан төмен қарай таудың жартысы құрғақ. Мүктің өзі құрғап кеткен. Ал таудың ортасынан бастап іші түгел сулы, жаңбыр жауып тұрған сияқты әсер қалдырады. Балалар «тау жылап тұр» дейді. Кей жерлерде сарқырама бар. Бұл жердегі су өте таза әрі дәмді. Шатқалдың сұлулығына сөз жоқ», — дейді ол.
Станислав Ким қаланың баласы, ол өзінің әсерін былай жеткізді.
«Есте қаларлықтай саяхат дер едім. Тауға шығуға тура келді. Шатқалға жеткенде ыстық ауа бірден салқын ауаға ауысады», — дейді ол.
Бұндай демалыс аса қымбат емес.
«Балалар жолақысын және хайуанаттар бағына кірер кезде төлейтін ақшасын алып шықты. Түскі асты өзімізбен бірге алдық. Сондықтан ата-аналар бұндай саяхаттарға балаларын жиі жібереді», — дейді Наталья Шакирова.
Балалар тек Қазақстанның ішінде ғана емес, шетелде де демалады. Мысал ретінде Валетта қаласына саяхатты айтуға болады.
Валеттадағы Ресей орталығының басшысы Ирина Переверзеваның сөзінше, бұл жақта әртүрлі ұлт өкілдерімен қатар Мальтада тұратын қазақстандықтардың да балалары тегін демалады. Ирина 10 жыл бойы Алматыдағы РФ бас елшілігінің елшісі қызметін атқарды, Қазақстандағы Ресеймен серіктестік Өкілдігін басқарды.
Мальтада ол жазғы дамытушы алаң ұйымдастырған.
«Балалар өздерінің сүйікті жануарларын салды. Қазақ және қазақ-мальта отбасының балалары Қазақстанның жануарлар әлемін сурет етіп бейнеледі», — дейді Ирина Переверзева.
Сурет: жеке мұрағаттан