Қазақстанда жеңілдетілген автонесие жобасын қаржыландыру жалғасады. Десе де оның ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеуімен байланысты. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.
«Бәйтерек» холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 миллирд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Толық түсініктеме алу үшін Даму қорына хабарласыңыз,
деді вице-премьер.