Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Жеңілдетілген автонесиеден автопарк жаңарып кетпеді
Қоғам

Жеңілдетілген автонесиеден автопарк жаңарып кетпеді

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 12.12.2023
Обновлено 12.12.2023 в 12:12
Поделиться
Поделиться

Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаның автонарыққа әсерін зерттеді.

2015 жылы Қазақстанда жеңілдікті автонесие бағдарламасы іске қосылды. Пайызы төмен несиенің бірнеше мақсаты болды: отандық автоөндірісті қолдау, халықты жаңа автомобильмен қамту және автопаркті жаңарту.

2023 жылы жеңілдікті несиені қоғамдық көлікке бағыттау жобасы аясында ҚР Ұлттық Банкі бағдарлама мен оның жетістігін талдады. Зерттеу нәтижесін «Экономикалық шолудың» соңғы санында жариялады.

Сарапшылар арзан несие басты мақсаттарының бірі болған автопаркті жаңарту міндетін орындай алмағанын жазды. Бағдарламаның ең алғашқы нұсқасы 2015 және 2016 жылдары елде құрастырылған автомобильдерді сатуға көмектесті.

Атап айтқанда, жеңілдікті автонесие бағдарламасы жұмыс істеген жылдарда Қазақстанда жасы 7-ден асқан машиналар үлесі өзгерген жоқ: 2015 жылы — 85 %, ал биыл 1 шілдеде — 84 %.

Мәселенің экологиялық жағы да сәтсіздікке ұшырады. Өйткені автопарк жаңарған жоқ, демек ауаға шығатын зиян заттар да азаймады. 2015 жылдан 2023 жылдың ортасына дейін Қазақстанда автомобиль саны 4 миллионнан 4.35 миллионға өсті, оның көбі жыл өткен сайын ескіріп бара жатқаны анық.

Бағдарлама алғаш жарыққа шыққан жылдары елдегі көлік құрастыру саласына пайдасын тигізді. 2015 жылы Қазақстанда 12.2 мыңға жуық автомобиль шықса, соның 36 %-ы автонесие бағдарламасы арқасында сатылды. 2016 жылы конвейерден небәрі 8.4 мың машина түсті, оның 79 %-ы жеңілдікті несие көмегімен өтті.

Кейінгі жылдары бағдарлама мұндай нәтиже көрсете алған жоқ. Елде автоөндіріс көлемі 14 есе өсті. Мысалы, 2022 жылы Қазақстанда 103.3 мың автомобиль шықты.

2015–2022 жылдары елдегі зауыттар 357 335 машина құрастырды, тұрғындар оның 13 %-ын ғана жеңілдікті автонесие бойынша алды. Биылғы есеп бойынша бұл елдегі жалпы көлік санының 1 %-ынан аспайды.

Ұлттық банк сарапшылары жекелеген салаға мемлекеттік қолдау көрсету тиімді екенін айтты. Бірақ жеңілдікті автонесие бағдарламасын іске қосатын кезде кейбір принциптер ескерусіз қалған. Атап айтқанда, мұндай қолдаудың нақты бағыты болуы керек еді. Яғни, бағдарлама қаржылай қиындығы бар азаматтарға көмектесу немесе экологиялық таза көлік алғандарды қолдау мақсатында жұмыс істесе пайдалы болар еді.

Құжатта «бағдарламаның алға қойған міндетін орындау ықтималдығы төмен, сол үшін елдегі жеңілдікті автонесие бағдарламасын тиімді деуге келмейді» деп жазылған. Осыған орай сарапшылар жеңілдікті несиені облыстардағы автобус паркін жаңартуға жұмсауды қолдап отыр.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Арман Ерғалиев 12.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?