Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Жеңілуі мүмкін. Асығыс сайлауға себеп бар
Саясат

Жеңілуі мүмкін. Асығыс сайлауға себеп бар

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 01.09.2022
Обновлено 01.09.2022 в 02:09
Поделиться
Поделиться

Биыл қараша айында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетін болды. Ресейдің диктатурасы жеңіліп, Украинаның демократиясы жеңсе де, тағы бәз-біреулердің өті жарылып кетсе де.

«Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет», деді Тоқаев.

Парламент сайлауына қатысты еш сұрақ жоқ, өйткені Қазақстанға зейнеткердің ескі кадрларынан қалай да құтылу керек.

Ендеше, кезекті президент сайлауына дейін әлі бір жарым жылдан астам уақыты бола тұра, Тоқаевқа мерзімінен бұрын сайлау өткізіп жіберудің қандай мәні бар?

Президенттің суперөкілеттігі онсыз да өткен референдумде бекітілген еді. Сол референдумнен кейін қазіргі президентіміз сенім мандатына толықтай ие болды. Тоқаевтың өз командасы жоқ деп, бұрын айтушы едік, бірақ ол президент болып келген жылдардың ішінде де өз командасын сол күйі құрған жоқ. Ең маңызды лауазымдарда жаңа адамдар пайда болған жоқ, барлық жерде бас президенттің кезінде өсіп-өнген ескі кадрлар әлі отыр. Сол себепті осы кезектен тыс, өз мерзімінен бұрын өтетін сайлаудан кейін билік құрылымдарына жаңа адамдар келеді деп үміттенбей-ақ қойсақ болады.

Ал асығыс сайлау өткізудің себебі сол, жоғарыдағылар елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың енді тек нашарлай беретінін анық түсініп, кеш болмай тұрғанда ертерек қимылдауға кірісті. Сондықтан да жалақыны көтеру, халықты қолдаудың басқа да әлеуметтік шараларын жариялап отыр. Асығыс сайлаудың жалғыз мақсаты – отыз жылдық жүйені кадрларымен қоса сақтап қалу. Бір анығы, енді халықтың саяси белсенділігі артады, халық бұл жолы бұрынғыдай жай ғана сырттан бақылаушы болып қалмайды, дейді Қазбек Бейсебаев.

Президент сайлауын кезектен тыс өткізіп жіберу – Назарбаевтың қулығы еді. Уақыттың кейде өзіне қарсы жүретінін кезінде ол да түсінген. Қазақстандағы әлеуметтік жағдай мен халықтың тұрмыстық ахуалының уақыт алға озған сайын кері кете беретін «қасиеті» бар. Конституциялық мерзімінде кезекті сайлау өткізу – Тоқаев үшін қауіпті. Назарбаевтан қалған ескі институттар мен сайлау өткізу дәстүрінің негізінде қайта сайланып алудың бір мүмкіндігі бар әлі. Бірақ қанша дегенмен, Тоқаев алдағы сайлауда жеңіліп қалуы да мүмкін,

дейді қоғам белсендісі Қайрат Әлімжан.

Тоқаев тәуекел етіп, халықтан уақыт сұрап отыр

Белгілі жазушы-журналист Мұхтар Түменбайдың желіде жазған пікірінше, Тоқаев ел экономикасы терең кризиске ұшырап, инфляция шарықтап, халық ашулы шақта президенттік сайлауды қайта өткізейік деп ұсынып отыр.

Сайлауды дәл осындай шақта өткізу ең алдымен Тоқаевтың өзіне қауіпті, дейді ол.

Ел әлі «қаңтар қасіретінен» айыққан жоқ. Бір жыл да өткен жоқ. Жаралар жазылмады. Халықтың бір бөлігі ол қанды қырғында бүлікші элиталық топтармен бірге президенттің де кінәсі бар деп есептейді. Осындай жағдайда сайлау өткізу үлкен әрі қауіпті тәуекел. Олай болса, Тоқаевқа кезектен тыс сайлау несіне керек? Жауап біреу. Оған бастаған реформаларын аяғына жеткізу үшін уақыт керек. Ал ол жоқтың қасы. Ашық, бүкпесіз 7 жыл сұрап отыр. Және соның кепілі ретінде президенттік мандатты заң негізінде бір мерзіммен шектеймін деді. Мұнысымен Тоқаев қалың халыққа ресми түрде келісім-шарт жасасуды ұсынып отыр. Тек солай түсіндім мен бұл мәлімдемені. Оған өзі ұсынған бастамаларды аяғына дейін жеткізуге сенім мандаты қажет болып тұр. Сайлаудан өтсе жалғастырады. Халық саған берілген сенім уақыты бітті десе, онда жаңа реформатордың туғанын күтеміз,

деп жазады ол.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Айдын Қайнарұлы 01.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?