Биыл қараша айында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетін болды. Ресейдің диктатурасы жеңіліп, Украинаның демократиясы жеңсе де, тағы бәз-біреулердің өті жарылып кетсе де.
«Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет», деді Тоқаев.
Парламент сайлауына қатысты еш сұрақ жоқ, өйткені Қазақстанға зейнеткердің ескі кадрларынан қалай да құтылу керек.
Ендеше, кезекті президент сайлауына дейін әлі бір жарым жылдан астам уақыты бола тұра, Тоқаевқа мерзімінен бұрын сайлау өткізіп жіберудің қандай мәні бар?
Президенттің суперөкілеттігі онсыз да өткен референдумде бекітілген еді. Сол референдумнен кейін қазіргі президентіміз сенім мандатына толықтай ие болды. Тоқаевтың өз командасы жоқ деп, бұрын айтушы едік, бірақ ол президент болып келген жылдардың ішінде де өз командасын сол күйі құрған жоқ. Ең маңызды лауазымдарда жаңа адамдар пайда болған жоқ, барлық жерде бас президенттің кезінде өсіп-өнген ескі кадрлар әлі отыр. Сол себепті осы кезектен тыс, өз мерзімінен бұрын өтетін сайлаудан кейін билік құрылымдарына жаңа адамдар келеді деп үміттенбей-ақ қойсақ болады.
Ал асығыс сайлау өткізудің себебі сол, жоғарыдағылар елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың енді тек нашарлай беретінін анық түсініп, кеш болмай тұрғанда ертерек қимылдауға кірісті. Сондықтан да жалақыны көтеру, халықты қолдаудың басқа да әлеуметтік шараларын жариялап отыр. Асығыс сайлаудың жалғыз мақсаты – отыз жылдық жүйені кадрларымен қоса сақтап қалу. Бір анығы, енді халықтың саяси белсенділігі артады, халық бұл жолы бұрынғыдай жай ғана сырттан бақылаушы болып қалмайды, дейді Қазбек Бейсебаев.
Президент сайлауын кезектен тыс өткізіп жіберу – Назарбаевтың қулығы еді. Уақыттың кейде өзіне қарсы жүретінін кезінде ол да түсінген. Қазақстандағы әлеуметтік жағдай мен халықтың тұрмыстық ахуалының уақыт алға озған сайын кері кете беретін «қасиеті» бар. Конституциялық мерзімінде кезекті сайлау өткізу – Тоқаев үшін қауіпті. Назарбаевтан қалған ескі институттар мен сайлау өткізу дәстүрінің негізінде қайта сайланып алудың бір мүмкіндігі бар әлі. Бірақ қанша дегенмен, Тоқаев алдағы сайлауда жеңіліп қалуы да мүмкін,
дейді қоғам белсендісі Қайрат Әлімжан.
Белгілі жазушы-журналист Мұхтар Түменбайдың желіде жазған пікірінше, Тоқаев ел экономикасы терең кризиске ұшырап, инфляция шарықтап, халық ашулы шақта президенттік сайлауды қайта өткізейік деп ұсынып отыр.
Сайлауды дәл осындай шақта өткізу ең алдымен Тоқаевтың өзіне қауіпті, дейді ол.
Ел әлі «қаңтар қасіретінен» айыққан жоқ. Бір жыл да өткен жоқ. Жаралар жазылмады. Халықтың бір бөлігі ол қанды қырғында бүлікші элиталық топтармен бірге президенттің де кінәсі бар деп есептейді. Осындай жағдайда сайлау өткізу үлкен әрі қауіпті тәуекел. Олай болса, Тоқаевқа кезектен тыс сайлау несіне керек? Жауап біреу. Оған бастаған реформаларын аяғына жеткізу үшін уақыт керек. Ал ол жоқтың қасы. Ашық, бүкпесіз 7 жыл сұрап отыр. Және соның кепілі ретінде президенттік мандатты заң негізінде бір мерзіммен шектеймін деді. Мұнысымен Тоқаев қалың халыққа ресми түрде келісім-шарт жасасуды ұсынып отыр. Тек солай түсіндім мен бұл мәлімдемені. Оған өзі ұсынған бастамаларды аяғына дейін жеткізуге сенім мандаты қажет болып тұр. Сайлаудан өтсе жалғастырады. Халық саған берілген сенім уақыты бітті десе, онда жаңа реформатордың туғанын күтеміз,
деп жазады ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…