Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > «Бірінші эпизод бітті. Басқалары да болады»: Ресей билігі Украинаға жасалған шабуылдарға риза
Маңызды

«Бірінші эпизод бітті. Басқалары да болады»: Ресей билігі Украинаға жасалған шабуылдарға риза

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 11.10.2022
Обновлено 11.10.2022 в 12:10
Поделиться
Поделиться

Ресей көктемнен бері алғаш рет Украинаның ең ірі қалаларына, соның ішінде Киев, Харьков және Днепрге соққы жасады. Мақсаты энергетикалық және өзге де инфрақұрылым нысандары болды, адамдар қаза тапты. Ресей президенті Қырым көпірін тікелей атамай, осыған ұқсас диверсиялар жасалатын болса, жауап ретінде жаңа соққылар болады деп қорқытты.

Мазмұны
Кек алу әрекетіӘлем не деп жатыр?«Міне, енді ризамын» — Ресей реакциясы

Кек алу әрекеті

Дүйсенбі таңертең Украинадағы бүкіл қалалар жаппай зымыран шабуылына ұшырады. Киевтің орталығына соққылар жасалды. Львов, Днепр, Тернополь, Ивано-Франковск, Житомир, Харьков, Хмельницкий, Кременчуг және басқа қалаларда үлкен жарылыстар болды.

Шабуыл таңертеңгі қарбалас уақытта жасалды. Қайтыс болған және жараланған бейбіт тұрғындар туралы хабарланды. Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел бойынша энергетикалық инфрақұрылым нысандары мен бейбіт тұрғындар жаппай атыс нысанасына айналғанын айтты.

Сарапшылардың ойынша, соққылар Қырым көпіріндегі жарылыстар үшін кек алу әрекеті. Мұны Ресей президенті Владимир Путин де жоққа шығармайды.

Бүгін таңертең Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша және Ресей Бас штабының жоспары бойынша Украинаның энергетика, әскери басқару және байланыс объектілеріне жоғары дәлдікпен ататын қару-жарақпен жаппай соққы жасалды,

деді Путин Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен кездесуде.

«Біздің территориямызда террорлық шабуылдар жалғасқан жағдайда, Ресей тарапынан реакция жедел әрі қатаң болады және олардың ауқымы бойынша Ресей Федерациясының қауіп-қатер деңгейіне сәйкес келеді», — деді ол.

Әлем не деп жатыр?

АҚШ президенті Джо Байден шабуылдарды айыптады: «Осы соққылардың салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды, сондай-ақ әскери емес нысандар жойылды. Олар [зымыран соққылары] Путиннің украин халқына қарсы заңсыз соғысының адамгершіліктен ада екенінің тағы бір рет көрінісі» (Рейтер дәйексөзі).

«Ресейдің Киевтегі және Украинаның басқа қалаларындағы бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдары мені есеңгіретіп тастады. ХХІ ғасырда мұндай әрекеттерге жол жоқ. Мен оларды ең қатаң түрде айыптаймын», — деді ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеп Боррель. «Біз Украинаны қолдаймыз. ЕО тарапынан қосымша әскери қолдау бара жатыр», — деп ескертті ол.

«Ресейдің Киевке және Украинаның басқа қалаларына жасаған қорқынышты шабуылдары Кремльдің үмітсіздігін көрсетеді», — деді Еуропалық Кеңес төрағасы Чарльз Мишель.

«Бейбіт тұрғындарға қарсы бұл бей-берекет шабуылдар — әскери қылмыс».

«Бүкіл Украинаға ресейлік зымырандар шабуыл жасады. Путиннің жалғыз тактикасы — Украинаның бейбіт қалаларына қарсы террор, бірақ ол Украинаны тізе бүктіре алмайды. Бұл, сонымен қатар, оның бейбітшілік туралы сөйлескісі келетін барлық татуластырғыштарға берген жауабы.

Путин — зымырандармен сөйлесетін террорист»,

деп жазды Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Твиттерде».

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Кулебамен сөйлескеннен кейін Twitter-де Ресейдің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымға жасаған «қорқынышты және бей-берекет шабуылдарын» айыптағанын айтты. «НАТО Кремльдің агрессиясына қарсы күресте батыл украин халқына қолдау көрсетуді жалғастырады», — деп жазды ол.

Зеленский Германия канцлері Олаф Шольцпен G7 шұғыл кездесуі туралы келіссөздер жүргізгенін айтты. Ол сол жерде сөз сөйлеуді жоспарлап отыр.

Ресейдің Қара теңіздегі әскери кемелерінен атылған үш қанатты зымыран Молдова аумағы арқылы өтті — «біздің ұлттық әуе кеңістігімізді бұзуға мүлдем жол берілмейді», — делінген Сыртқы істер министрлігінің жеделхат каналында.

«Міне, енді ризамын» — Ресей реакциясы

Ресей тарапынан зымыран соққыларын Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров мақұлдады, ол соңғы күндері Ресей әскери қимылдарын қатты сынға алған еді. Путиннің шілде айындағы «Ресей әлі ештеңе бастаған жоқ» деген сөзін еске түсіре отырып, Қадыров: «Міне, енді әскери операцияға жүз пайыз ризамын», — деді.

2014 жылы Ресейге қосылған Қырымның басшысы бүкіл Украинаға жаппай соққыларды құптады:

«Бұрыннан айтып келемін, арнайы операцияның бірінші күнінен бастап жаудың инфрақұрылымын жою бойынша мұндай әрекеттер күн сайын жасалғанда, біз мамырда бәрін аяқтап, Киев режимінің тас-талқанын шығарар едік. Енді операция қарқыны бәсеңдемейді деп үміттенемін».

Ресей Қарулы Күштері Украинаның әскери басқару, байланыс және энергетика жүйелерінің нысандарына үлкен қашықтықтағы жоғары дәлдіктегі қарумен жаппай соққы берді, «соққы өз мақсатын орындады», «барлық тағайындалған нысандар бұзылды», — деді Путиннің мәлімдемесінен кейін шыққан Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

«Бірінші эпизод бітті. Басқалары да болады», — деп жазды Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Telegram арнасында. Ал телеарнаның бас редакторы және насихаттаушы Маргарита Симоньян «Твиттерде» Украинаға жаппай шабуыл жасағалғанына қуанышын жеткізді. «Қырым көпірі қызыл жолақ болып келген», — деп жазды ол. «Міне, жауап та жетті».

«Біздің әскерилер қалалар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасамайды. Біздің барлық зымырандар энергетикалық инфрақұрылымға, байланыс тораптарына және әскери штабтарға бағытталған», — деді Мемлекеттік Думаның депутаты және тележүргізуші Евгений Попов World at One на BBC Radio 4 бағдарламасында. — Ойын алаңдарына зымырандар шабуылдағанын көрсеңіз, бұл Украинаның Әуе қорғанысы жүйелерінің жұмысы».

ТЕГи: Геосаясат, Главное
Анара Бауыржанқызы 11.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?