Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Жеке сот орындаушылардың қылмысы әшкереленді
Басты жаңалықтарОқиға

Жеке сот орындаушылардың қылмысы әшкереленді

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 05.12.2022
Обновлено 05.12.2022 в 02:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың шотына аударылуға тиіс 1,1 млрд теңге қаражатты жымқырған.

Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүргізілген тексеріс нәтижесінде ақша ұрлаудың 660 фактісі анықталды.

Мәселен, елордалық жеке сот орындаушы алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 млн. теңгені жеке тұлғаның банктегі шотынан шешіп алған. Ол бұл ақшаны Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін жеке сот орындаушы 10 млн. теңге ұстап қалған.

Ал Алматыда жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкерлердің қаражаты есебінен өзінің банктегі депозитін жалпы сомасы 84 млн. теңгеге 18 рет толтырған. Нәтижесінде ол пайыз түрінде 2 млн теңге табыс тапқан.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай – жеке сот орындаушы өз депозитіне 13,6 млн теңге аударып, шамамен 5 млн теңгеге жуық сыйақы алған.

Қарағандылық 7 жеке сот орындаушы борышкерлердің 110 млн. теңге ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сондай-ақ алматылық жеке сот орындаушы «Жанұя» балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісіне арналған 400 мың теңгені өз қажетіне жаратқан.

Павлодарда жеке сот орындаушы үш жыл бойы екі баланың 520 мың теңге мөлшерінде алиментін ұрлап келген. Ал кейбір жеке сот орындаушылар өндіріп алушылардың ақшасын бастығының шығындарын жабу үшін пайдаланған.

Батыс Қазақстан облысында жеке сот орындаушы өңірлік палатаның басшысына және оның орынбасарына 1 млн. теңге аударған. Олардың басқа әріптестері әйелдері мен туыстарына 4,7 млн. теңге жіберген.

Ақша ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша 16 сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, қадағалау актісі бойынша 7 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды, 2 лицензия уақытша тоқтатылды, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ТЕГи: Қазақстан, Қылмыс
Сая Манарбековна 05.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?