Жеке тұлғалардың банкроттығы деген не және басқа елдерде қалай жүзеге асады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қазанда Жетісу облысына сапары барысында халықтың қарызға батып жүргеніне алаңдайтынын және жақында осы бойынша халыққа ұсынысын айтатынын мәлімдеген еді. Көп ұзамай, республикалық қоғамдық штабта өткен жиында президент жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданатынын жариялады.

Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң қабылданады, ол қарыз алған азаматтарға шамадан тыс қарыз жүктемесінен құтылуға мүмкіндік береді. Қазір бұл бағыттағы басқа да шараларды ойластырып жатырмыз,

деді президент.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қажет екенін президент жыл басында да айтқан болатын. Ал депутат Андрей Линниктің айтуынша, бұл мәселені депутаттар 2014 жылдан бері көтеріп, 2015 жылы заң жобасын да әзірлеген. Алайда 2016 жылы министрлер кабинеті депутаттарды қолдамапты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда банкроттық рәсімі тек заңды тұлғалар үшін ғана қолжетімді. Ал көптеген елде бұл бұрыннан қолданыстағы тәжірибе. Оның басты артықшылығы – белгілі бір шарттар орындалған кезде қарыздарды толық есептен шығарады. Бірақ сонымен бірге ауыр салдары да бар.

АҚШ тағы банкроттық

VisaSam.ru порталының мәліметі бойынша АҚШ-та банкроттықтың 6 түрі бар. Ол мынадай жағдайларда жүзеге асады:

  • ерікті түрде – 1,1 млн АҚШ долларынан аз сомаға кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар кезінде, ал қамтамасыз етілмеген қарыздар кезінде – 383,2 мың АҚШ долларына дейін,
  • мәжбүрлі – 14,4 мың АҚШ долларынан астам қарыздар кезінде.

Банкроттықтың ең көп таралған түрлері — тиісті кодекстің үш бөлімі. Сонымен, 3-бөлім бойынша борышкер өз мүлкіне барлық құқығынан айырылады және ол оны енді пайдалана алмайды. Мұның бәрі сатылады және бұл ақша қарызды жабуға кетеді. Алайда, кейбір мүлік жекелеген штаттарда заңмен қорғалған (зергерлік бұйымдар, 5 мың АҚШ долларына дейінгі автомобильдер, жылжымайтын мүлік және т.б.).

13-бөлім бойынша борышкер мүлікпен кез келген операцияларды жүргізе алады: сату, жалға беру, сыйға тарту және т.б. Ол тұрақты табысы бар адамдарға қолданылады, бірақ табысы барлық қарыздарымен есептесуге жеткіліксіз. Борышкерден несие берушілерге аударатын белгілі бір соманы алады.

11-бөлім бойынша — балық шаруашылығымен айналысатын, отбасылық ферма ұстайтын және т.б. адамдар үшін қарызды қайта ұйымдастыру. Борышкер мүлігін және қызмет құқығын сақтап қалады. Бірақ ол несие берушілерге сот бекіткен қайта құру жоспарын ұсынуға міндетті. Яғни, бұл қарызды қайта қаржыландыруға ұқсайды. АҚШ азаматы үшін банкроттықтың артықшылығы — қарыздан құтылу. Алайда, бұл барлық міндеттемелерден босатпайтынын есте ұстаған жөн: мысалы, алимент, банкроттықтан кейінгі немесе одан 6 ай бұрын қарыздарды өтеу, студенттік несиелер, кейбір салықтар және т.б.

Банкроттықтың АҚШ азаматтары үшін жағымсыз салдары ауыр болуы мүмкін. Бұл елдің халқы белсенді түрде несие алады және әр түрлі мақсаттарға жұмсайды.

Ал банкроттық жарияланған кезде бұл дерек несие тарихына 10 жылға жазылады. Яғни, осы уақыт ішінде адам қарыз алуда айтарлықтай қиындықтарға тап болады.

Нәтижесінде емделу, үй сатып алу, баланы оқыту, автокөлік несиесі немесе басқа да маңызды қажеттіліктер банкроттығына байланысты қол жетімсіз болады.

Ресейдегі банкроттық

Ресейдегі банкроттық рәсімі 2015 жылы енгізілді. РИА Новостидің хабарлауынша, бұл жалпы сомасы 500 000 рубльден (шамамен 3 750 000 теңге) және 3 айға кешіктірілген қарыздар болғанда мүмкін болады. Тіпті қарызы аз болған жағдайда да ресейліктер банкроттыққа жүгіне алады. Бұл процедураны несие берушілер де, салық төлеушілер де мәжбүрлеп бастауы мүмкін.

Банкроттықтың артықшылығы — қарыздың өсуін тоқтату, оны есептен шығару, коллекторлардан, сот орындаушыларынан босату. Бұл ретте банкроттық рәсімінен тегін өтуге болады.

Несиелерге келетін болсақ, банкроттыққа ұшыраған тұлғалардан оларды алуда ерекше проблемалар туындамайды, деп хабарлайды дереккөз. Бұл ретте 5 жыл бойы ол шартта өзінің банкроттық статусын көрсетуге міндетті.

Әрине, бұл ретте борышкер табысының жеткіліксіздігін заңды түрде растауы тиіс (ай сайынғы төлемдердің кем дегенде 10%-ын.төлей алмайтынын). Сондай-ақ, борышкердің мүлкі тартып алынып, сатылатынын есте ұстаған жөн, оның ішінде: жалғыз тұрғын үйден басқа, жер учаскесі, егер онда борышкердің жалғыз тұрғын үйі болмаса, зергерлік бұйымдар (тұрмыстық заттардан басқа), жалақы және басқа да кірістер, алимент, зейнетақы мен жәрдемақыларды, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі кірістердің қалдығын қоспағанда.

Мүлікті сатқаннан кейін де қарызды жабу жеткіліксіз болса, қарыз борышкерден алынып тасталады. Қосымша теріс салдары: заң ұйымдарында, сақтандыру, қаржы, зейнетақы салаларын басқару органдарында, сондай-ақ несие ұйымдарында басшылық лауазымдарға уақытша тыйым салынады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago