Украина әскері шешен жасағын қырып салды

Рамзан Қадыров өз телеграм арнасында соғысқа аттанған 23 шешен әскерінен айрылып қалғанын жеткізді.

Херсон облысында апта басында артиллериялық соққыдан 23 шешен сарбазы қаза тауып, 58 сарбаз жараланды. Бұл туралы «СМИ2» порталы хабарлайды.

Қадыровтың айтуынша, шешендердің  арнайы жасағы аптаның басынан бері артоатқылаудан зардап шеккен. Қазір құтқару операциялары аяқталды. Жан тәсілім еткендердің тізімі жасалып, ақпарат арналарында жарияланды.

Сонымен қатар, Шешен Республикасының басшысы әскерде опат болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көмек көрсетілетінін жеткізді.

Қайтыс болғандарды жерлеуге 1 миллион рубль береміз. Олардың отбасына үкімет тарапынан 12 миллион рубль беріледі. Жарақат алғандарға 3 миллион рубльден тиеді. Сонымен қатар, қайғыдан қара жамылған отбасыларды қасиетті Меккеге жібереміз,

деді Қадыров.

Еске сала кетейік, Қадыров қазан айының басында Украинаның оңбай қателесіп, Ресеймен татуласу мүмкіндігін уысынан шығарып алғанын айтқан еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

5 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

6 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

24 часа ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago