Жемқорлық

Жемқорлық: Көлсай, Қайыңдыда 46 миллиондық әжетханалар істемей тұр

Алматы облысында Көлсай, Қайыңды көлдерінде бюджеттің 46 миллион теңгесіне салынған модульдік дәретханалар жұмыс істемей тұр. Оның біреуіне электр жарығы да, су да тартылмаған.

Бұл сорақылықты Антикор арнайы тексеріс барысында әшкере қылған. Құзырлы орган өкілдері осы облыстағы демалыс орындарына барып, туристерге мүлдем жағдай жасалмағанына көз жеткізіп қайтты, деп хабарлады Aikyn.kz.

Информбюро-ның жазуынша, қоқысқа толған Көлсай, талапқа сай келмейтін ақылы дәретханалар, әбден тозығы жетсе де туристерді тасымалдап жүрген автобустар. Қазақстанның тұмса табиғатын тамашалауға келген блогер демалыс орындарының қызмет көрсету сапасын сынға алып, парақшасына жариялаған. Александр Синтовский Сатыда туристер үшін қолайлы жағдай мүлдем жасалмаған деп налиды.

Осы бейнежазбадан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері Көлсай, Қайыңды мен Есіктегі бірқатар демалыс орындарына бас сұқты.

Қорытындысында былтыр ғана 11,4 миллион теңгеге салынған төрт бірдей модульдік дәретхананың жұмыс істемей тұрғанын анықтаған. Туристік орындарда одан бөлек те былық көп дейді құзырлы орган өкілдері.

Дәретхана тапшылығынан бөлек Саты мен Қайыңды арасындағы әбден тозығы жеткен жол да қазір туристердің бас ауруына айналған. Шұрық-тесік жолдың кесірінен туристік компаниялар саяхатшыларды ауыл тұрғындарының көлігімен тасуға мәжбүр.

Қазір Спорт және туризм министрлігі олқылықтарды жоюға кірісіпті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago