Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Жер дауы ма, дініаралық қақтығыс па
Шетел басылымына шолу

Жер дауы ма, дініаралық қақтығыс па

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.10.2023
Обновлено 19.10.2023 в 04:10
Поделиться
Фото: t.me/abdulla_kzkz
Поделиться

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстан қаншама бейбіт халық пен балалар зардап шегуде.

Кенеттен шабуылдаған Хамас қозғалысы бір мезетте Израиль қалаларына бес мыңнан аса зымыран атты, оған жауап қайтарған Израилдің Хамасқа шабуыл салдарынан, Палестина бейбіт тұрғындары зардап шегуде.

Сарапшылар Хамас Палестинаны ойлап тұрған жоқ, бейбіт халықты пайдаланып, Израилден қорғануда деп пікір білдіруде.

Бұл ретте Azattyq Ruhy тілшісі саясаттанушы Нұркен Айтымбетовтың пікірін жариялады.

Америка қоғамы бұл қанды оқиғаға террорлық акт ретінде қарайды, олар адам құқығын бірінші орынға қоятын ел. Адамның бостандығына, өміріне жасалған қастандық деп бағалайды. АҚШ қоғамы, БАҚ бұл жағдайда өздерінің Израильмен бірге екендіктерін жасырмайды. ХАМАС-ты қолдамайды, мұсылман әлемін олар террорлық оқиғалармен көп байланыстырады, оның шығу себебіне, байыбына бара бермейді.

Палестина мен Израиль арасындағы соғысты түсіну үшін міндетті түрде тарихқа үңілу керек. Негізінде қазір Ирзариль өзінің мемлекетін құрған аумақ арабтардың, Палестинаның жері. Өткен ғасырларда бұл жерде саны өте аз еврейлер де тұрған және олар өздерін палестиналықтармыз деп санаған. Кезінде еврейлер де Осман ипмериясының құрамына кірген.

Алайда Осман империясы ыдырады да, қазіргі Израиль-Палестина жері Ұлыбританияның қол астына қарап кетті. Сол кезде ағылшындар еврейлердің осында көбірек келіп қоныстануына рұқсат берді. Бытырап жүрген еврейлер сол кезде күллі әлемнен жиналды. Олардың сөзінше, бұл аумақ өздерінің ата-бабаларының жері. Өйткені бұл жерде иудаизм ең алғаш пайда болып, күллі әлемге таралған орталығы деп санайды. Палестиндіктер  үшінде бұл аумақ олардың тарихи территориясы. Осындай талай тартыс Жерорта теңізінің жағасында, араб түбегіндегі соғыстың, қақтығыстың шығуына түрткі болды. Кезінде палестиналықтармыз деп жүрген еврейлер 1948 жылы жеке мемлекет болып құрылды. Таяу Шығыстағы бұл соғысты Иран мен Американың арасында кикілжіңнің көрінісі деуге келмейді. Олар сырттай қолдағанмен, тікелей соғыстың шығуына мүдделі емес.

Шын мәнінде араб елдері, палестиналықтар даму жағынан артта қалып қойды. Араб мемлекеттерінің басы ешқашан бірікпеген және бұл жолы да бірігеді дегенге сенбеймін. Палестиналықтарды астыртын қаржымен, қарумен қолдаушы Иран. Сириядағы әскери ұйымдарды да қолдаған Иран. Израильді жеңуге  Палестинаның, тіпті кейбір араб мемлекеттерінің шамасы жетпейді. Әрі Израильдың қолдаушылары өте мықты. Иордания, Египет, Ливия сынды бірнеше мұсылман лигалары бірігіп қаншама рет осы Израильде соғыс ашты. Әр соғыс сайын Израиль өзінің территориясын үлкейтіп, Синай жарты түбегін, тағы да басқа территорияларды басып, өзінің құрамына кіргізіп алды. Сондықтан бұл арабтарға ұнамайды. Жалпы еврейлердің осы арабтардың ортасынан мемлекетін құрып алуы, территорияларын тартып, басып алуы ұнамайды. Бұл тартыс тағы ғасырларға созылуы мүмкін.

Өткен ғасырда еврейлер үдере көшіп келіп, араб түбегінде қазіргі  Тель-Авив қаласын салды және мемлекет құрды. Ұлт ретінде толықтай жойылуға аз қалған халық еді. Жан-жаққа бытырап кеткен, бүкіл әлемге тарыдай шашылыпты. Бірақ өте  ұйымшыл, ұлт болып қалу үшін қайтадан жиналып, бір-біріне көмек көрсетіп келеді. Жойылып, өліп бара жатқан өздерінің тілін, ділін, тарихын қайтадан қалпына келтіріп алды. Еврейлер өздерінің діні тұрмақ, тілін де жан-жақта шашырап жүріп ұмыта бастаған еді. Тек ағылшындардың арқасында мемлекет болып алды да, бір-бірлеріне жер жүзінің әр түкпірінде тұрып ақ экономикалық, мәдени жағынан көмектесті. Өте ұйымшыл. Аз ғана уақыттың ішінде күші мықты, экономикасы жоғары, мықты мемлекетке айналып шыға келді. Саны өте аз болған еврейлер көбейіп те үлгерді. Олардың соғыс қаруларының әлемде теңдесі жоқ. Әскери қарулардың көбін өздері шығарады.  «Железный купол», дрондардың түр-түріп шығарып жатыр. Әскери жағынан да, экономикалық жағынан да, медициналық жағынан да, техникалық жағынан да, барлық жағынан да бұлар өте мықты мемлекетке айналды. Бірнеше араб мемлекеті бірігіп Израильге қанша мәрте тарихта шабуыл жасағанмен, жеңе алмады. Керісінше, араб мемлекеттері ойсырай жеңіліп, соғыс сайын өзінің территорияларынан айырылып отырды. Қортындылай айтқанда Израиль тәуелсіздігіне төніп тұрған қауіп жоқ.

Газаның территориясын Израиль тағы да басып алады деген болжамға келіспеймін. Неге десеңіз, халықаралық ұйымдар, келісімдер бар. НАТО-да олай жерді жаулап алуға мүмкіндік бермейді. Израильдың олай істеуге құқығы да жоқ. Тарихта алты күндік соғыста Египеттің жерін басып алған. Бұл территориялар әлі күнге дейін даулы күйінде отыр. Бұрын басып алған жерлерге бола араб елдерімен әлі күнге жауласып келеді, әрі соның зардабын да тартып отыр.  Сондықтан Израиль осы жолы ондайға бармайды деп ойлаймын. Бұған дейін де Газа Секторында бірнеше рет әскери операциялар ұйымдастырған.

Басшылары, лидерлерінің көзін жойыса да, ХАМАС-ты жоқ қыла алмайды. Көзге көрінбейтін ұйымды қалай жояды және ұйымға адамдар кез келген уақытта бірігіп, топтаса алады. Америка террористік ұйымдарды жоямыз деп Ауғанстанға басып кірді, одан діни қарулы ұйымдар жойылып кеткен жоқ. Сол сияқты ол Израильдың қолынан келеді дегенге сенбеймін.

ТЕГи: Трендте, Шетел басылымдарына шолу
Сая Манарбековна 19.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?