Халықтың басым бөлігі Қытай мен Үндістанда шоғырланған, деп хабарлайды Countrymeters.
Сайттың мәліметінше, әлемде ерлер саны әйелдерге қарағанда көбірек. 8 млрд адамның 50 пайыздан астамы – ер адамдар.
Бұл ретте әлем халқының 1,4 млрд адамы Қытайда (18,1 пайыз) шоғырланса, Үндістанда да дәл осындай көрсеткіш (17,7 пайыз). Халық саны бойынша үшінші орында Құрама Штаттар тұр, ондағы халық саны 336 млн адам немесе әлем халқының 4,2 пайызын құрайды.
Жер бетіндегі алғашқы миллиард адам 1804 жылы тіркелген. 1987 жылға қарай бұл көрсеткіш бес миллиардқа жеткен.
Ал 1999 жылы жер шарындағы халық саны алты миллиардты құраса, 2011 жылы жеті миллиардқа жеткен.
Айта кетейік, осыған дейін БҰҰ сарапшылары күзде әлем халқының саны 8 млрд-қа жетеді деп болжам жасаған еді.