Жер сілкінісі кезінде Түркиядағы элиталық үйдің құлауының себептері аталды

Түркияның Хатай провинциясында 6 ақпандағы жер сілкінісі кезінде Rönesans Rezidans элиталық 12 қабатты үйі құлады. Бұл ретте, сарапшылардың пікірінше, мұндай ғимараттар аймақта тіркелген магнитуда әсерінен құлап кетпеуі керек еді. Құлау себептерін Financial Times (FT) өз зерттеуінде жазды.

2011 жылы салынған Rönesans тұрғын үй кешенінің өз бассейні мен дүкендері болатын, жер сілкінісі кезінде ол бір бүйіріне құлады. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат сілкіністің 40-секундында құлаған.

Барлық талаптарға сай салынса және жер сілкінісі қаупі бар ауданда құрылысқа байыпты дайындық болса магнитудасы 7,5-7,8 болатын жер сілкінісі кезінде де ғимарат жартылай бұзылса да, құламауы керек еді және адамдар қатты зардап шекпейтін еді. Бұған үш үйді бір үйге біріктіру себеп болды, соның салдарынан ол ұзарып, (ұзындығы 134 метр), ал ғимараттардың симметриясы олардың сейсмикалық тұрақтылығы үшін өте маңызды, деп түсіндірді Билкент университетінің құрылыс жұмыстары жөніндегі директоры Мевлют Кахраман.

Тағы бір себеп – бұл құрылыстың тұрақтылығы үшін маңызды рөл атқаратын осы жердегі топырақ түрі. Құрылыс алаңындағы жұмсақ топырақты, шамасы, жобалаушылар да ескермеген. Үйдің тағы бір проблемасы — «жұмсақ қабат», қабаттардың бірі сілкініс кезінде жүктемені ұстап тұра алмайды және ол бүкіл құрылымның әлсіз жеріне айналады. FT Rönesans Rezidans бірінші қабат аймағында бөлініп, қабырғалары іргетастан бөлінгенін көрсетеді.

28 ақпанда Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты деп хабарлады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago