Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Жерге құлаған сұр қарлығашты қалай құтқарамыз?
Білім

Жерге құлаған сұр қарлығашты қалай құтқарамыз?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 05.07.2023
Обновлено 05.07.2023 в 04:07
Поделиться
Facebook/groups/Strizhespasenie
Поделиться

Сұр қарлығаш – сирек кездесетін құстардың бірі. Соңғы кездері Алматы көшелерінен сұр қарлығашты жиі көріп жүрміз.

Олар қайдан келді? Неге ұша алмайды?

Алматылық зоолог, саябақ жануарлары бойынша маман Ангелина Котенконың сөзінше, сұр қарлығаштар Алматының әр көшесінде бар.

Сұр қарлығаш адам үшін пайдалы. Ол шыбын-шіркейді, масаны, басқа да зиянды жәндіктерді, соның ішінде қоңыр көбелекті жейді.

«Сұр қарлығаш құсы Алматыға тән емес, сондықтан егер сіз бұл құсты тауып алсаңыз, оны мал дәрігеріне сүйреудің қажеті жоқ, өйткені, олар да бұл құсты қалай емдеу керектігін білмейді. Шын мәнінде ол ұша алады, тек оған сәл көмектесу керек», — дейді Котенко.

Жерге құлаған сұр қарлығаш неге ұшпайды?

Сұр қарлығаштың жаратылысы сондай, ол көлденең қозғала алмайды, яғни жерге түскен соң қайтадан өздігінен ұшып кете алмайды.

Сурет: Facebook/groups/Strizhespasenie

Оның қанаты ұзын, алайда, қолы қысқа әрі әлсіз. Сондықтан ол жерден жоғары көтеріле алмайды. Оның үстіне бұл құс мысықты, итті, қарғаны үркіте алатыны ғана болмаса, негізінен әлсіз.

Көбіне мамыр, маусым айларында көп келеді. Шілде, тамыз айларына дейін көрінетін құс күн салқындағанда Африка, Азия, Оңтүстік Үндістан жаққа ұшып кетеді.

Сұр қарлығашқа қалай көмектесеміз?

«Құсты қолыңызға алып, баяу қозғалып жоғары көтеріңіз. Сол кезде құс ұшады», — дейді Ангелина Котенко.

Құсты өздігінен ұшып кетсін деп аспанға лақтыруға болмайды. Немесе жоғарыдан төменге жіберуге де рұқсат жоқ. Өйткені бұндай жағдайда құс жерге құлап, жарақат алып қалуы мүмкін. Егер құстың жағдайы жақсы болса, ол өздігінен ұшып кетеді.

Ал ұшпаса ше?

Егер құс ұшып кете алмаса, оның денсаулығында ақау бар деген сөз. Кейде құс біраз күн «күтініп», денсаулығын қалпына келтіреді. Өйткені қарны аш болып немесе қатты ыстықтан әлсіреп қалған болуы мүмкін.

Ұшудан бас тартқан құсты үйге әкеліп, қорапқа салып қою керек. Ешқашан торға салмаңыз, өйткені, құс қанатын қағып, зақымдап алуы мүмкін.

Сұр қарлығаш өмірінің көп бөлігін таза ауада өткізетін болғандықтан, өз тұқымдастарынан басқа ешкіммен аса жақындаспайды. Сондықтан ол орнитоз, құс тұмауы, сальмонеллез сияқты аурулармен ауырмайды. Бойында ішек құрты мен бүрге жоқ, сондықтан бұл құстан қорықпаңыз.

Сонда да мамандар құсты қолғап киіп ұстауға кеңес береді. Өйткені абайсызда қолыңызды сырып кетуі мүмкін немесе сіз жалаңаш қолмен оның қанаттарына зақым тигізіп алуыңыз ғажап емес.

Құсты сақтайтын орынның қараңғы болғаны жөн. Оған аздаған су беріңіз (күніне тамызғыш арқылы 10-15 тамшы). Біраз уақыттан соң құсқа тамақ беріңіз. Құс жиі тамақтанады, ол үшін жәндіктерді әкеліп беруіңіз керек болады.

Ол не жейді? Маса, шыбын, тарақан, ұн құрты, крикеттің барлық түрін жейді, оларды жәндік өсірушілерден жаңа күйінде немесе мұздатылған түрінде сатып алуға болады.

Жәндіктің аяғын, басын, қабығын алып тастау керек.

Табиғатта сұр қарлығаш күніне 400 шыбын жейді екен. Құсты әр 1-3 сағат сайын тамақтандырып отыру керек, ал ересек сұр қарлығашты күніне 3 рет тамақтандырсаңыз жеткілікті. Бастысы – құс тоюы тиіс. Ересек құсты күштеп тамақтандырады деуге болады, өйткені өздігінен тұмсығын аша қоюы екіталай. Ал балапандар өздігінен тамақтанады. Тұмсықты да абайлап ашу керек, өйткені тұмсықтары жарақат алып қалуы мүмкін.

Сұр қарлығаш қандай құс?

Бұл –  ежелден келе жатқан құс. Библияның грек, латын, шіркеу-славян, ағылшын, орыс тіліндегі аудармаларында қарлығашпен бірдей деп жазылған.

Заманауи зерттеушілердің сөзінше, ұшатын қарлығашты көбіне қарлығаштың бір түрі деп қана шатасып жатады, алайда бұл әртүрлі тұқымға, құстың әртүрлі класына жатады.

Сұр қарлығаштың ерекшелігі мынада: ол өмір бойы жерге түспейді, көбіне ұшумен болады. Осынау өзгеше жаратылыс аспанда жылдар бойы ұшып жүре алады.

Сұр қарлығаш өте тез ұшады. Ол кішкентай құстар арасында ең жылдам ұшатын құс болып саналады. Орта есеппен сағатына 120 шақырымды басып өте алады. Шапшаң болса да, кейде сұр қарлығаш қарсы алдындағы кедергіні көрмей, соғылып қалып жатады. Көбіне сым тоқтарына ілініп, зақым алады.

Есте болсын

  1. Егер сіз сұр қарлығаштың жерде жатқанын көрсеңіз, бұл ауру не жараланған ересек түрі немесе жаңадан ұшуды үйреніп жатқан балапаны деп біліңіз.
  2. Көбіне құс ашық тұрған терезеге ұшып келіп, терезе әйнегіне соғылып жатады. Тоқ сымдарына ілініп қалады. Жыртқыштардың шабуылына ұшырап, кейде ұшып келе жатып бір-бірімен «келіспей», жерге құлдилауы мүмкін. Олар кейде аумақ үшін де бір-бірімен «ұстасып» қалады. Тырнақтары арқылы бір-бірін ұстап, төменге құлайды.
  3. Сұр қарлығаш қатты ыстық болғанда ұясынан шығып кетеді. Сондықтан да жерде жүруі мүмкін.
  4. Құстың жасын анықтау үшін оның түсіне қараңыз. Балапанының түсі ақшыл болады: қанаттарының соңында ақ түсті жиек бар. Бұл жиек шамамен бір жылға дейін сақталады.
  5. Сұр қарлығаш асырауға келмейтін құс десек те, қамқорлық таныта алсаңыз, 8 жылдан аса өмір сүре алады.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Арман Ерғалиев 05.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамБілімРуханият

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

26.09.2025
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?