Маңғыстау облысы, Жетібай кентіндегі ереуілшілер төртінші күн қатарынан аштық жариялап, далада түнеп жүр, деп жазады Азаттық.
Ауыл тұрғындары жұмыссыздық салдарынан аштық жариялаған.
Олардың жалғыз талабы – «Маңғыстаумұнайгаз» серіктестігінің мұнай кәсіпшілігінен оларға бос жұмыс орындарын ашып беруі.
Ереуілшілер тіпті кен орнына баратын жолды жауып тастаған.
балаңа бір зат алып берейін десең, қолыңда дым жоқ. Қыл-аяғы бес мың теңге. Не істейсің? Осында жүресің халық арасында. Түнде ұйқыдан тұрасың. Балаңды сағынасың, ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан дым да келмейді,
дейді наразылыққа шыққан азаматтардың бірі.
Кішкентай балаларына бір үзім нан апара алмай жүрген көп балалы аналар биліктен жұмыс тауып беруін сұрайды.
Журналист Сәния Тойкеннің Жетібайдан жазғаны:
Түнгі 12-де жеттік мұнайлы ауылға. Жүдеп -жадап, азып -тозған жетібайлықтар бәріне бел буған.Мұнайлы ауылдың тұрғындарының халі осындай десе басқа ел сенбес. Ақша сұрап отыр дейтін болар. Олай емес жұмыс керек халыққа. Кеше Тоқаев “ мәселені жергілікті жерде шешсін” дей салды. Үш күннен бері облыс әкімі Ноғаев емес (уровеніне сай емес шығар) басқа ұсақ шенеуніктер келіп қоқаңдағаннан басқа ешнәрсе шешілмеген. Жергілікті жерде қалай шешеді мұнайдың бар кілті сол қалпы бұралмастан Назарбаев отбасы қолында тұрса? Мұнай контрактілерін ашатын, елге үлес беретін кез келді. Енді ештеңе бүрынғыдай болмайды. Ештеңе! Мына жас жігіт көзінің жасын іркіп әзер сөйледі. Ол да, басқалар да, билік те шетке шықса Қазақстан қазба байлықтың бәрі бар деп кеуде соғады. Қандай пайда?