Жетісу облысында үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, қара жамылған отбасының бес баласы бар. Көпбалалы ана қайғылы оқиға орын алатын күні үш айлық бүлдіршінді алты жасар баласының қарауына қалдырған көрінеді.
Сол уақытта әлі ес кірмеген бала туған қарындасына үш жерден пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған сәби үлкендер үйге жеткенше жан тапсырыпты. Отағасы жұмыста болған. Мұндай сұмдықты жасады деген баланың психологиялық ауытқуы жоқ.
Бар көңіліміз төрт ұлдан кейін дүниеге келген қызымызға ауып кеткен соң, қызғаныштан қарындасын өлтіруі мүмкін,
дейді қара жамылған ана.
Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаркент қаласында үш айлық нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жарияланбайды,
деді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.
14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…
Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…
Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…