Categories: Қоғам

Жетісу облысында үш бірдей мектеп оқушысы жүкті болып қалған

Жетісу облысында үш бірдей мектеп оқушысы жүкті болып қалды. Олар Текелі, Сарқан қалалары мен Үшарал ауылында оқитын 9-шы және 10 сыныптың қыздары болып шықты.

Ал бойжеткендер балаларын дүниеге әкеле ме, жоқ па, ол жағын ата-аналары шешеді. Қазір екі оқушының жүктілік мерзімі үш айдан асқан, мектепте сабағын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Оқушысы жүкті болып, масқарасы шыққан білім ордасының бірі – Текелі қаласындағы №5 орта мектеп. Бала көтерген қыз 10-сыныпта оқиды. Қазір ол сәбиін алдыртып тастапты. Өзі толық отбасынан шыққан. Ата-анасы ажыраспаған. Мектеп басшылығы қыздың отбасы ел қатарлы жанұяның бірі дейді.

Ал қалған жүкті екі оқушының бірі Панфилов ауданының Үшарал ауылындағы мектепте 9-сыныпта, екіншісі Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында 10-сыныпта оқиды. Екі жеткіншектің жүктілігі үш айдан асқан. Бойжеткендер қазір сабағын оқып жүр екен. Ал білім басқармасындағылар өздері балалы болғалы жатқан оқушыларға түсік жасатыңдар деп айтуға құқығымыз жоқ дейді. 

Ерте жүктілік бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген дәл осы Текелі қаласындағы №8 мектептің басы дауға қалған болатын. Себебі шараны ұйымдастырушылар балаларға жезөкшелерге берілетін кеңес жайлы жазылған брошюраны таратып берген. Мұны көрген оқушылардың ата-аналары жағасын ұстап, шу көтерді. Осы даудан кейін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөгіс алды, ал жезөкшелерге арналған брошюраны оқушыларға таратып берген аурухана психологы жұмыстан кеткен еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago