Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат!
Басты жаңалықтарҚоғам

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат!

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 07.11.2022
Обновлено 07.11.2022 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Қазақстанда 350 мыңнан астам адам құмар ойынға тәуелді. Әрқайсының орташа қарызы 10 млн теңгеден асады.

Талайдың санасын улаған, қалтасын қаққан құмар ойындарының ішінде букмекерлік кеңселерге байланғандардың қатары көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Психологтардың айтуынша, қазір жасөспірімдер оңай олжаға кенелемін деп сан соғып қалады. Бүгінде елде 350 мыңнан астам адам ойынқұмар дертіне шалдыққан екен.

Оңалту орталығында ем алып жүрген Айбек 13 жасынан бастап құмар ойынға әуестене бастайды. 20 жылдан бері казино, интернет ойындардан бас алмаған. Одан кейін букмекерлік кеңсеге тәуелді болды. Бастапқыда жеңіске жетіп, артынша қарызға белшесінен батқан. Ол құмар ойынның құрығына түсіп, 350 млн теңгеден айырылыпты.

Мен үшін құмар ойындары оңай ақша табу көзі болды. Сондықтан футболға да бәс тігетінмін. Артынша ұтылып, микро несие алып, артынша қарызға кірдім. Ата-анам мен достарымнан қарызға ақша сұрадым. Қазір жанымда тек ата-анам ғана қалды. Енді бұл жүрісімнің дұрыс емес екеніне көзім жетті. Сол үшін бір жарым жылдан бері осы емханада ем алып жатырмын,

дейді қала тұрғыны Айбек.

Ойынқұмарлық отбасындағы тәрбиеге де байланысты. «Осы мәселені шешу үшін елде отбасы институтын құру қажет,

дейді мамандар.

Қазір құмар ойындарының жарнамалары жер жарып тұр. Салдарынан бүгінде оңалту орталығына келетіндердің дені – 15 жастағы жасөспірімдер. Тағы бір себебі бұл – ата-ана мен баланың қарым-қатынасы. Яғни бүгінде бала тәрбиесіне арналған кітаптарды оқу қажет. Кез келген тәуелдіктердің себебі осы тәрбиеде жатыр. Баланың ішкі жан дүнесін түсініп, қиын қыстау кезде жанында болу керек. Көбіне әлеуметтік осал топтағы балалар оңай ақша табу үшін ойнайды,

дейді психолог Александр Ращук.

Қазір елде орта есеппен 350 мыңнан аса адам құмар ойынның құрбанына айналған. Әрқайсының орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, биыл заңсыз ойын ұйымдастыру бойынша 86 дерек тіркелді.

Жыл басынан бері 3,5 мыңға компьютер, техника, покер үстелдері және т.б. затты айғақтар тәркіленген болатын. Сонымен қатар 7,2 млн теңгеден астам қолма-қол қаражат тәркіленді,

деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Құзырлы орган дерегінше, 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген. Арасында Ішкі істер, Қорғаныс, Қаржы министрліктерінің қызметкерлері де бар. Құмар ойынға құмартқандар қатары жыл өткен сайын азаймай отыр.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 07.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?