Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Денсаулық > Жиі тараған онкологиялық ауруға қарсы екпе қол жетімді болады
Денсаулық

Жиі тараған онкологиялық ауруға қарсы екпе қол жетімді болады

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 28.03.2023
Обновлено 28.03.2023 в 10:03
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Келер жылдан бастап елімізде жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау басталады. Аталмыш екпе әйелдер арасында ең жиі таралған онкологиялық аурулардың бірі – жатыр мойны ісігінен қорғауға көмектесетін бірден-бір тиімді амал болғалы отыр.

Елімізде жыл сайын 1800-дей әйел жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықса, 600 шақты әйел осы дерттен көз жұмады. Ол әйелдер онкологиясында таралуы жағынан омырау обырынан кейінгі екінші орында тұр. Алайда, мамандардың айтуынша, жатыр мойны ісігі – алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру. Бұл қатерлі ісіктің көбіне-көп себебі – жыныстық жолмен жұғатын адам папилломавирусы (HPV) болып отыр.

Жатыр мойны қатерлі ісігі кезінде 90-95 пайыз жағдайда ағзадан адам папилломавирусы табылады. Бұл вирустың 100-ден аса типі бар, оның 15-і онкогенді. Олар көбіне жыныс мүшелеріне немесе шырышты қабатқа үйкелу кезінде жұғады. Папилломавирусқа қарсы арнайы препарат жоқ: тек сол вирус туғызған жатыр мойны дисплазиясы, кондиломалар және папилломаларды емдеуге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, адам папилломавирусы – жыныстық жолмен жұғатын ең кең таралған инфекциялардың бірі. Сексуалды белсенді адамдардың басым көпшілігі оны өмірінің қандай да бір кезеңінде бір немесе тіпті бірнеше рет жұқтырады. Олардың 90 пайызында инфекция ағзаның иммунитеті арқылы жоғалады, алайда әйелдердің барлығында инфекцияның созылмалы формаға өтіп, соңы жатыр мойны ісігіне ұласу қаупі бар.

Қазір әлемде адам папилломавирусына қарсы тағайындалған FDA мақұлдаған үш вакцина бар.

Оның бірі – папилломавирустың 16 және 18-типтеріне қарсы еківалентті «Церварикс», екіншісі – төртвалентті «Гарда­сил» (6, 11, 16 және 18-типтерге қар­сы), ал үшіншісі – тоғызвалентті «Гардасил-9» (6, 11, 16, 18, 31, 33, 45, 52 және 58-типтерге қарсы).

Қазақстанда төртвалентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады деп жоспарланып отыр. Аталмыш 6, 11, 16 және 18-типтер – адам папилломавирусының ең онкогенді түрлері.

Гардасил екпесі 2024-2025 жылғы Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне енгізіліп, келер жылдан бастап еліміздегі 11 жастағы жасөспірім қыздарға салынады. Вакциналау ерікті түрде, ата-аналардың келісімімен жүргізіледі.

Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша, әйелдер адам папилломавирусына қарсы екпені 35 жасқа дейін алуына болады, бірақ вакцинаның тиімділігі 70-75 пайызға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бұған дейін вирустың қандай да бір типі болуы ықтимал. Дегенмен әйел ағзасында вирус болған күннің өзінде аталмыш екпе одан құтылуға көмектесе алады. Дәл қазіргі таңда Қазақстанда адам папилломавирусына қарсы бірде-бір вакцина жоқ, сондықтан қыздарымыз оны ала алмай жүр. Ал 2024 жылдан бастап кез келген ересек әйел «Гардасилді» ақылы негізде ала алады. Мектеп оқушылары үшін ол тегін әрі ерікті түрде салынады.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы ұсынған мәлімет бойынша, былтыр елімізде 100 мың адамға шаққанда жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдығудың 9,4 дерегі тіркелген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 8,9 болған.

Көбіне 35 пен 65 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны ісігіне шалдығады, сондықтан 30-70 жас аралығындағы әйелдер скрининг өтуге міндетті. Біздің пациенттеріміздің орташа жасы 48-50-ді құрайды. Жатыр мойны ісігіне шалдыққан пациенттердің өлім көрсеткіші 100 мыңға шаққанда 3,1 жағдайды құрайды.

Адам папилломавирусына қарсы вакцина дамыған елдер тәжірибесінде біраз уақыттан бері бар. Мәселен, Аустралия бұл екпені 2007 жылдан бастап қолға алды. Оны жылдың ішінде олар өз елдеріндегі адам папилломавирусына шалдығу деңгейін 22 есе, ал жатыр мойны ісігіне шалдығу көрсеткішін 50 пайызға, қазір тіпті 70 пайызға төмендеткен. Бүгінде онда 100 мың адамға шаққанда жатыр мойны ісігіне шалдығудың 5 дерегі тіркеледі. Аустралия тәжірибесінің ізімен көп ел, оның ішінде АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Жапония да қыз балаларды HPV-ға қарсы вакциналауды жүргізіп келеді. Посткеңес елдерінің ішінде Өзбекстан, Армения және Түркіменстан бар.

ТЕГи: Руханият
Сая Манарбековна 28.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Спорт

«Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты

02.08.2024
Қоғам

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені

19.06.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?