Жетісу облысында тауға шығып, артынша хабар-ошарсыз кеткен 36 жастағы алматылық тик-токер аман табылды.
2023 жылғы 7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусымда сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрхан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, ол Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін алмытылық саяхатшы болып табылады.
Жедел жүргізілген апаттық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 шақырым қашықтықта тапты. Медициналық көмектің қажеттілігі болмады.
Жедел-құтқару тобы туристпен бірге аман-есен Қарабұлақ ауылына жетті.