Жоқ пәтерлер сатқан «банк қызметкеріне» алданғандар іздестіріліп жатыр

Алматы полициясы алаяқтың арбауына түскен азаматтарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тергеу барысында А. есімді азаматша өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырғаны анықталды. Ол кепілге қойылған мүлікпен жұмыс істейтінін айтқан. Сөйтіп Алматыда жоқ пәтерлерді сатқан.

Бұл туралы қаланың бірнеше тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арыз жазғаннан кейін белгілі болды.

Күдіктінің іс-әрекетінің шарықтау шегі 2012-2013 жылдары болды. Өзін банк қызметкері ретінде көрсетіп, А. есімді азаматша пәтер беремін деген желеумен ақша талап еткен. Алдын ала төлем сомасы пәтердің шаршы метріне байланысты болған. 3 бөлмелі пәтерге 70 мың доллар, 1 бөлмелі пәтерге 17 мың доллар алған. Ақшаны алғаннан кейін іскер әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Ал алданған азаматтар уәде етілген баспананы ондаған жыл бойы күткен. А. есімді азаматша ұсталды. Қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр. Істі қарау барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас 4 эпизодқа қатысы бар екені белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы соммасы анықталып жатыр,

деді қалалық ПД тергеу басқармасы бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Тергеу мерзімінде А. есімді азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айтпақшы, 2014 жылы әйел адам осыған ұқсас қылмыстары үшін сотты болған. Қазір оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды анықтау үшін күдіктінің жеке басын жария етудің процессуалдық қажеттігі туды. Бұл азаматшаны таныған адамдар болса, мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-701-732-86-54 және 8-701-624-28-24,

деді Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago