Таразда белгісіз тұлға жәбірленушінің пәтеріне кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды.
Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен “Ұрлық” бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.