Жол құрылысына бөлінген 43 млрд теңгеден аса қаражат жымқырылды

Бас прокуратура автожол салу барысында миллиондаған ақша жымқырылғанын мәлім етті. Қадағалау органы «Қазавтожол» ұлттық компаниясында, автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерде тексеру жүргізді.

Жол құрылысы барысында 43,4 млрд теңге ұрланып, «ҚазГерСтрой» ЖШС-нің қалтасына түсті. Сонымен қатар сегіз жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталған қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері орын алған — 600 миллион теңге.

Қадағалау органының мәліметінше, орта және ағымдағы жөндеудің бес нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде шенеуніктер баға мөлшерін 2 млрд теңгеден артық көтерген.

Бюджет ақшасын ұрлау үшін мердігер ұйымдар құрылыс материалдары бойынша 70 жалған сертификатты жасаған, ал 10 жағдайда стандарттарға сәйкес келмейтін материалдар пайдаланылған. Тексеру барысында шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелер мен тұрақсыздық айыбы бойынша берешектеріне де көз жұмғаны анықталды. Нәтижесінде соңғыларының шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 миллиард теңгені құрады, ал тұрақсыздық айыбы 636 миллион теңгені құрайды.

Прокуратура ақы алу жүйесін енгізу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру ісіне де күмәнмен қарап отыр.

Жеткізуші компания «Computer vision Technologies» ЖШС қызметтерінің бағасы үш есе артып, 138,8 миллиард теңгені құраған. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың барлық фактісі бойынша (осының барлығынан келген залал 45 миллиард теңгеден асады) 23 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан әрі тергеу ісін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қаржылық мониторинг агенттігі айналысады.

Сонымен қатар прокурорлар 24 миллиард теңге болатын бюджет шығындарының алдын алды (жөндеуді қажет етпейтін жұмыс көлемі алынып тасталды, сметадағы шығыстар қайта қаралды), 17,3 миллиард теңгеге заңсыз тендерлердің қорытындылары жойылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago