Categories: Оқиға

Жолдағы фураның төбесін тесіп, тауарын ұрлапты

«Алматы-Өскемен» тас жолының бойымен транзитпен жүретін кей көліктердің жүргізушілері байқамаса, жүгінің орнын сипап қалады.

10 шілдеде алты адамнан тұратын топ ұсталды, олар жүйелі түрде, сосын дөрекі түрде ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауар ұрлаған.

Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған.

Схемалары мынау екен:

  • Түнде тас жолға шығып, фураның артында жүріп келе жатып, трассада жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдайды.
  • Өз көліктерінің шамдарын сөндіріп, көліктің шағылысатын элементтерін жапсырып қояды.
  • Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, арнайы баспалдақтың көмегімен жүк көлігінің төбесіне мінеді.
  • Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің төбесін кесіп, біреуі фураның ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырады.
  • Тауар жол жиегіне лақтырылады.
  • Біраз уақыттан кейін, сыбайластары «Газельмен» келіп, тауарды жинап әкетеді.

Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен.

Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде,

деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Әбдікенов.

Оларды ұстаумен бір мезгілде Жетісу облысының, Алматы облысының және Алматы қаласының аумағында 30-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі (Қылмыстық топ жасаған ұрлық) бойынша жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер басқа зардап шеккен адамдарды анықтау және ұсталғандардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago