Динара Егеубаеваның көлігін өртеді және «El Media» редакциясына шабуыл жасады деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар 2005, 2006 және 2007 жылғы кәмелетке толмаған азаматтар.
Күдіктілердің сөзіне сәйкес, олар екі тапсырысты да белгісіз адамнан интернет арқылы алған. Тапсырыс беруші келіскен ақшаны онлайн төлеген.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе шешілуде. Тергеу жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, тапсырыс берушінің жеке басын анықтау және оны ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені де жүргізілуде.
Қосымша ақпарат тергеу толық аяқталғаннан кейін жарияланады. Тергеу барысын ҚР ІІМ мен Алматы қаласы ПД басшылығы бақылауға алған.
Еске салайық, «Қаңтар» туралы шындықты айтып жүрген журналист Динара Егеубаеваның аулада тұрған көлігін белгісіз адамдар өртеп жіберген. Бұл туралы журналистің өзі және әріптестері әлеуметтік желіде жазған еді.