Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзарды. Бұл туралы Алматының қалалық соты хабарлады.
2023 жылғы 30 қаңтарда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және К.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2023 жылғы 18 наурызға дейін ұзартуға санкция берілді,
делінген хабарламада.
Еске салайық, қазақстандық журналист Михаил Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда қамауға алынды. Ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.