Оқиға

«Жыныс мүшесін көсеумен күйдірген»: Алматыда зорланған егіз қыздардың тағы бір бауыры зорлық көрген

Балалар омбудсмені Динара Закиева Алматы облысындағы ауруханада жатқан зорланған 3 жасар қыздарға, сондай-ақ сол отбасының басқа балалары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Омбдусменнің айтуынша, бұл отбасының балалары өте ауыр жағдайларды бастан өткізген.

Бұл отбасының балаларының бастан кешкені – тозақ. Бұл сол отбасындағы 7 жасар қызға қатысты бұрын жасалған сұмдық қылмыс үшін жазасыздықтың, маскүнемдіктің және деградацияның нәтижесі.

Кеше полиция департаментімен, ауданның КТІИ, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен отбасында бұған дейін орын алған оқиғалар тізбегін зерттедік.

Екі жыл бұрын анасы мен өгей әкесі (егіздердің әжесі мен оның күйеуі) 7 жасар қыздарын көсеумен күйдіргені (жыныс мүшелерін) анықталды. Бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. Бұл бойынша іс ҚК-тің 140-бабымен қозғалды (алайда бұл 110-бап «Азаптау» болу керек еді) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді.

Бірақ, біріншіден, іс дұрыс емес баппен қозғалды (110-баптың орнына 140-бап) және де баланың анасы өгей әкесімен бірге күйдіргенін мойындағанына қарамастан (бұл іс материалдарында бар), іс тек анасына қатысты қозғалды.

Екіншіден, сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұл ғана салды. Нәтижесінде бала үйден оқытуға ауыстырылды және бұл сұмдық жағдайда ол тағы екі жыл өмір сүрді. Қазір анықталғандай, қызды зорлаудың белгілерін жасыру үшін күйдірген болу керек.

Екі жыл бұрын кінәлі «Азаптау» бабы бойынша жазаланып, отырғызылса, үш баланы құтқарып қалуға болушы еді. Балалардың басынан не өткенін ойласаң, жан түршігеді. Осыған байланысты тексеріс жүргізуді және осы бұзушылықтарға жауапты тұлғалардың бәрін жауапқа тарту қажет деп санаймын. Бұған қажетті шаралардың бәрін мемлекеттік органдармен бірге қабылдайтын боламыз.

Осы жан түршігерлік жағдайды талдау және біз күн сайын көріп жүрген жаңалықтар тізбегі Президенттің зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмаларының, сондай-ақ алдын алу шараларының қажеттілігі мен уақтылылығын көрсетеді.

Бұл жағдай және жалпы статистика тағы бір мәселенің бетін ашады.

Бүгінде ІІМ мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың 70%-ы алкоголизммен, алкогольдік масаңдықпен және тұрмыстың қолайсыздығымен байланысты. Ал мұндай қылмыстар күн сайын 342 адамға қатысты жасалады. Әрқайсысының артында әйелдің, баланың өмірі мен бұзылған тағдыры жатыр.

Бүгінгі күні мұндай қылмыстардың тамыры мен негізгі зұлымдығы осыда. Бірнеше өңірде, мысалы, Жетісудың  кейбір ауылдарында және Түркістан облысының 14 ауылында алкоголь сатуға тыйым салынған және қылмыс тіркелмейді екен.

Еске салайық, Алматы облысында ер адам екі бүлдіршінді бірнеше ай бойы зорлап келген. Ол қаңтар айының басында балаларды зорлауды бастаған екен. Қыздардың анасы (23 жаста) мен әжесін (42 жаста) күдікті қорқытып ұстаған. Сол себепті олар айтпаған. Ал шын мәнінде қыздардың зорланғанын нағашы әжесі де, анасы да бұрыннан білген. Қыздардың туған анасы небәрі жиырмалар шамасындағы келіншек. Өзі есірткіге тәуелді. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ қауіпсіздігіне ешкім бас қатырмаған көрінеді. Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago