Алматы облысы Балқаш ауданында жантүршігерлік жағдай орын алды. Бақанас – Балқаш ауданының орталығы. 6000-нан астам тұрғыны бар.
Ұсталған азамат екі және үш жастағы балаларды бірнеше уақыт бойы зорлап келген. Ол қыздардың анасы және әжесімен бірге тұрған.
Қазір балаларға ота жасалып, ауруханада жатыр.
Дереккөздің айтуынша, «зорлаушының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр». Ол күдікті ер адамның ұсталғанын, ол жергілікті тұрғын екенін және мас күйінде қылмыс жасағанын айтты. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, күдікті 1982 жылы туған, қазақ, Алматы облысының тумасы.
Ол қаңтар айының басында балаларды зорлауды бастаған екен. Қыздардың анасы (23 жаста) мен әжесін (42 жаста) күдікті қорқытып ұстаған. Сол себепті олар айтпаған. Ал шын мәнінде қыздардың зорланғанын нағашы әжесі де, анасы да бұрыннан білген.
Бұл әйелдің егіз қызынан кейін екі жаста тағы бір баласы бар, үлкен балалары да бар дейді. Өзі 1997 жылғы. Жағдайы нашар, фазендада тұрады.
Егіздің біреуінің ішінен қан кеткен. Жедел жәрдеммен апарғанда, памперсі қанға толып кеткен. Сол жерде анасы егізімнің сыңары деп айтып қалған. Дәрігерлер сыңарын да алдырып, оның бұған дейін зорланғанын анықтаған.
